astana-view

Ақтөбеде мүгедектердің 70 пайызға жуығы мүлде жұмыс істемеген

2014 жылғы 18 Наурыз
2703 просмотров

Ақтөбе облысының 50-ден астам кәсіпорнында мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орны ашылады. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бауыржан Дарқұловтың айтуынша, бос орындар жәрмеңкесіне келген 20-дан астам мүгедек жан бизнес-идеясын ұсынды.

Мүгедектерді оқыту, жұмыс тауып беру және олардың бизнес-идеяларын қолдау күн тәртібіндегі іс. Соған орай Ақтөбеде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бауыржан Дарқұлов: «Мүгедектердің белсенділігі жоғары. Көбі жәрмеңкеге бизнес-идеяларын алып келді. Мәселен, ІІ-топ мүгедегі Мадина Жалмұханова такси қызметін ашуды жоспарлаған. Біз кәсіпті бастау, оған қажетті құжаттарды жинау жолын айтып бердік»,- дейді. Сонымен қатар дүкен ашуды, монтаждау жұмыстарын қолға алуды ойлаған жарымжан жандар бар. Көбіне мүгедектердің білімі мен білігі жетпей жатады екен. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов: «Жұмыс жасауға ниетті 262 ақтөбелік мүгедектің 32 пайызы ғана мамандық иесі. Өзгелері орта, жоғары білім алмаған. Тіпті 68 пайызы мүлдем жұмыс жасамаған»,- дейді. Өзекті проблема жұмысқа орналастыру, бизнес-идеяларды жүзеге асыру кезінде кедергі келтіреді. Соған орай еліміздің Ұлттық палатасына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдап, жұмыс тауып берген кәсіпкерлерге салық, мемлекеттік сатып алу жеңілдігін қарастыру ұсынысы жолданды.

Дерекнамасы: Munara.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер