astana-view

Республикалық форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талықанады

2016 жылғы 02 Желтоқсан
3621 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кәсіпкерлердің республикалық форумын өткізеді.

Форум жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров пен «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, азаматтық және квазимемлекеттік сала өкілдері, бизнес-қауымдастық және басқа да тараптар қатысады.

Шара барысында кәсіпкерлердің мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасындағы жемқорлық деректерінің алдын алу қадамдары талқыға салынып, квазимемлекеттік сектор субъектілері өткізетін сатып алу саласындағы жең ұшынан жалғасқан парақорлыққа қарсы тұрудың құқықтық тетіктері, Ұлттық палатаның әкімшілік және қылмыстық кодекстердің кейбір баптарын қайта қарастыру жөніндегі ұсыныстары қарастырылады және лауазым иелерінің кәсіпкерлерге қысым жасау жайттары жарияланатын болады.

Форум қорытындысында «Атамекен» ҰКП мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлескен әрекеттердің Жол картасына қол қояды.

Өткізілетін уақыты мен орны: 2016 жылдың 5 желтоқсаны, 15.00, Астана қаласы, Абай көшесі, 33, Мемлекеттік басқару академиясының ғимараты, дөңгелек зал.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер