astana-view

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылғы қызмет нәтижесін қорытындылайды

2016 жылғы 07 Желтоқсан
3107 просмотров

Астанада ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтіп, оған Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.

Күнтәртібінде келесі мәселелер қаралады:

1. ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасының 2016 жылғы есебі мен ҚР «Атамекен» ҰКП 2017 жылға арналған жұмыс жоспары (баяндамашы: Н.Әлтаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары);

2. Отандық компаниялардың бәсекеге қабілетін арттыру. Ғылыми сипатқа ие экономикаға көшу (баяндамашы: С.Қожабаев, «Alageum Group» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы);

3. Отандық өнімдерді экспортқа шығару мәселесі (баяндамашы: Т.Садықов, «Баян-Сұлу» АҚ президенті);

4. Адами капиталды қалыптастырудың өзекті мәселелері (баяндамашы: Е.Райымов, Қызылорда облысы Сервис және қызмет көрсету саласы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті).

Өткізілетін уақыты мен орны: 2016 жылдың 8 желтоқсаны, 11.00, Астана қаласы, Қонаев көш. 8, «Б» блогы, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, 45-қабат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер