astana-view

ХАБАР 24 - «Атамекен» ҰКП жылды қорытындылады

2016 жылғы 08 Желтоқсан
1085 просмотров

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы биылғы жылды қорытындылады. 

Астанада өткен кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қатысты. Бизнесмендердің құқығын қорғап, кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ұлттық палатаға 2013 жылдан бері 16 мыңға жуық өтініш түскен. Әсіресе, тұрғындар салық салу, жер заңнамасы, сатып алу мен түрлі дау-дамайлардың түйінін тарқатып беруді сұраған. Мұндай шағымдардың 40%-ы оң шешімін тапса, кәсіпкерлердің 41 млрд теңгеден астам қаржы көлеміндегі мүліктік құқығы қорғалады. 

Айта кетейік, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлт жоспары аясында 10 қадамға басымдық беріп, бизнесті дамытуды қолға алмақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта Сыртқы істер министрлігінің жанынан экспорттық орталық ашуды көздейді. 

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: 

- Қайта қарауымыз керек көмектердің бәрін. Өйткені, заман өзгеріп жатыр. Егер экспорттық орталық болса, соған қаржы құйып, ревизия жасауымыз керек. Кәсіпкерлерге қандай көмек керек? Дамыған елдерде бір экспорттық орталық бар. Ресейде, Канадада бар. Сондықтан Қазақстанда да бір орталық болуы керек. Ол СІМ қарамағында болуы керек. Ал, ол жұмысқа «Атамекен» ҰКП көмектесуге дайын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер