astana-view

Жетім көрсең, жебей жүр

2016 жылғы 09 Желтоқсан
7445 просмотров

Отандық тауар өндірушілер жетім балаларды өздерінің бренд өнімдерімен қуантты

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әрі «УниверMAG.kz» отандық тауар өндірушілер жобасына бір жыл толуына байланысты Астана қаласының әкімдігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының қолдауымен «Жақсылықты бүгін жаса» атты қайырымдылық шарасы өтіп, шара аясында астаналық «Кәсіптік техникалық колледжде» білім алып жатқан жетім балаларға көмек көрсетілді.

Шараны ұйымдастырушылардың мақсаты – жастарды отансүйгіштікке баулу және «Қазақстанда жасалған» отандық өнімдерді насихаттау.

Шараға студенттермен қатар қадірлі қонақтар да қатысты, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Думан Қыдырбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының президенті Сәуле Шәуенова келді.

Мемлекеттік мерейтой қарсаңында отандық өндірушілер кәсіптік колледждің 20 студентіне өз өнімдерін сыйға тартып, қуантқысы келіпті.

Жақсылық жасаушылар: Алматы қаласындағы сыртқы киім тігетін «Семирамида» тігін фабрикасы, Астанадағы шұлық тігетін «Бота» фабрикасы, үйге арналған бұйымдар шығаратын «Astana Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС – «Utari» брендімен, Алматылық спорт тауарларын шығаратын, шетелде де жақсы танымал «Zibro» бренді, Қарағандыдағы шұлық шығаратын «Еcko» фабрикасы, Астаналық «КИМА» авторлық студиясы, Павлодардан келген «Тамарани» ЖШС, «Тигран» аяқкиім компаниясы, Ақтаудан келген «Дария» әйелдер бренді, Семейлік «СемСпецСнаб» тігін фабрикасы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер