astana-view

АСТАНА ТВ - Энергетика туралы заң әзірленіп жатыр

2017 жылғы 19 Қаңтар
1335 просмотров

Электр энергетикасы мәселелері бойынша қабылданатын жаңа заң энергетиктердің ғана емес, тұтынушылардың да пікірін ескеруі қажет. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тау-кен өндіру және энергетика өнеркәсібінің басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыс тобын құруға асықпау керек. Заң жобасын талқылау барысында компаниялардың қуатты жоғары бағамен бір оператордан сатып алуы туралы сыни пікірлер айтылған. «Кейбір кәсіпорындардың өз электр стансалары бар. Олар арзан энергияны өздері өндіре алады», - деді Николай Радостовец. Ал сарапшы Ғалым Алниязов екі нарықты қатар жасау керектігін айтты.

Ғалым Алниязов, сарапшы:

Ұзақ мерзімді нарықта қуатты сатып алуда біртұтас сатып алушы тәсілін қолдаймыз. Сонымен қатар нарық кеңесінің өкілеттілігін кеңейтеміз. Біртұтас сатып алушы қаржы жиналып тұратын қор сияқты. Оған кейін ұзақ мерзімді қуатты салуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер