astana-view

ҚР Президенті Жолдауындағы екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен оның қызмет аясын кеңейту

2017 жылғы 31 Қаңтар
3860 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы аясында Ұлттық палатаның атқарар жұмыс жоспарын мәлімдейді.

Мемлекет басшысы атап өткен мәселелердің ішінде кәсіпкерлік саласы да ерекше қамтылған. «Атамекен» алға қойылған мақсат-міндеттерді тыңғылықты орындау мақсатында, тиісті бағыттардың барлығында жұмыс қарқынын күшейтпек.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы баспасөз мәслихаты барысында, Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, әкімшілік кедергілерді азайту, өңірлерде бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау, экспортқа бағытталған стратегия әзірлеу, отандық агроөнеркәсіп саласын дамыту – осы және басқа да тақырыптар жайында сөз қозғайды.

Іс-шараның өткізілетін уақыты мен орны: 2017 жыл 31 қаңтар, сағат 16:30; Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, 24-қабат, 2406-каб., Баспасөз орталығы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер