«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сауда-саттықты дамытудың жаңа бағдарламасы таныстырылады
Ұлттық палатада Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің, Парламент Мәжілісі депутаттарының, бизнес-қоғамдастықтың және өзге де мүдделі тараптардың қатысуымен, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда комитетінің отырысы өтеді.
Күнтәртібінде Сауда саласын дамыту мен қолдау бағдарламасын жасау (бағдарлама құрылымын таныстыру, бағдарлама жобасын толықтыру бойынша ұсыныстар легін қалыптастыру), көтерме-тарату орталықтарын құру (Ауыл шаруашылығы министрлігінің таныстырылымы, кейбір өңірлерде тырнақалды жобаларды іске қосу жайы) мәселелері қаралып, «Атамекен» ҚР ҰКП қызметін орындауға қатысты қауымдастықтар есебі тыңдалады және де «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда комитетінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.
Шараның өткізілетін уақыты мен орны: 2017 жыл 3 ақпан, сағат 11:00; Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, 26-қабат, «Түркістан» мәжіліс залы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: