astana-view

Бизнес мүддесі заңмен қорғалады

2017 жылғы 16 Ақпан
5818 просмотров

Мәжілісте азаматтық заңнаманы жетілдіру бойынша түзетулер мен Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі көрсеткішін жақсарту қаралуда.

ҚР Үкіметінің 2015 жылы 30 маусымдағы №491 Қаулысымен Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылған.

Заң жобасы азаматтық заңнаман жетілдіруге, оның ішінде жеке құқықтың, зат құқығы түрлерінің, олардың туындау негіздерінің диспозициясын кеңейтуге, мәмілені жарамсыз деп тану институтын жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында Қазақстанның «Doing Business» рейтінгісіндегі көрсеткішін жақсарту бойынша түзетулер қарастырылған. 

Жарамсыз мәмілелерді бөлу ­– маңызсыз, яғни сот шешіміне тәуелсіз, және даулы – сот арқылы жарамсыз деп танылатын, сондай-ақ жалған мәмілені жарамсызға жатқызу, миноритарлардың талабы бойынша барлық ЖШС-ға аудит жүргізу ­(ірі, орта, шағын бизнес) – кәсіпкерлер үшін тәуекелі бар тұжырымдамалық маңызды енгізулердің бірі.

Заңнама бойынша ҰКП қызметкерлері құрамына кірген жұмыс тобы құрылды. Оның аясында 255 түзетулер бойынша 32 жиын өткізілді.

Жұмыс тобының отырысы барысында ҰКП негіздемесі бойынша депутаттар мен жұмыс тобының қатысушылары бірқатар ұсыныстарға қолдау білдірді. Атап айқтанда: 

1.     барлық заңды тұлғаларға өзге жекелеген құрылымдық бөлімше құруға заңнамалық мүмкіндік бекіту;

2.     жалған келісімді даулыға жатқызу;

3.     «барлық келісімдерді даулы принципіне» енгізу;

4.     миноритарлардың талабы ойынша аудит жүргізу талабын шағын бизнестен алып тастау;

5.     банктер мен сақтандыру мекемелеренің «электронды үкімет» веб-порталымен біріктіруге қатысты норманы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдыру заңына қолдау білдірді;

6.     кепілді өтеу туралы өтініш/хабарлама беру форматының балама форматына қолдау білдірді (электронды түрде немесе жазбаша);

7.     акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалараның қосымша жауапкершілігін қарастыратын бизнес үшін ұтымды норма қабылданды ( «Акционерлік қоғам туралы» заңның 63-бабы).

Сонымен қатар ҰКП негіздемесі бойынша мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты күйшейтетін ұсыныстары қабылданбады.

Бүгінгі таңда аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында қаралуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер