astana-view

Ақтөбе облыстық РКП 20 инвестжобаға мемлекеттік қолдау алуға көмектеседі

2014 жылғы 19 Наурыз
2782 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге мемлекеттік қолдау алуға көмектесетін болады, деп хабарлайды Palata.kz.

Бүгінгі таңда РКП сарапшылары инвестициялық жобаларды жинастыруда. 

«Олардың саны 20-ға жетті. Біз бұл жобаларды іске асырып қана қоймай, олардың авторларына мемлекеттік қолдау алуға көмектесетін боламыз», - деп мәлімдеді РКП сарапшысы Бауыржан Дарқұлов.

Бастапқыда кәсіпкерлерге бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы кеңес беріледі. Олар бизнес-жоспар құруды, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік орнату туралы барлық қажетті ақпаратты алуды үйренеді.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер