Павлодар кәсіпкерлері Алтай өлкесінен келген әріптестерімен кездесті
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлер Ресейдің Алтай өлкесінен келген әріптестерімен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан мен Ресейдің шекералас облыстары арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту біздің жұмыстың негізгі бағыты. Өңірлердегі кәсіпкерлер арасында іскерлік, өзара табысты серіктестік қалыптастыру екі елдегі өңіраралық кәсіпкерліктің өсуіне ықпал етеді», - деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғұмар Қажыкенов.
«Павлодар кәсіпкерлер палатасына ризашылығымызды білдіреміз. Біз осындай нәтижелі кездесу болады деп күтпеп едік. Біз «Metro» сауда желісімен және «Рената» дүкеніне тауарлар жеткізіп беру бойынша келісім жасауды ойластырып отырмыз», - дейді Алтай өлкесіндегі шаруа қожалығының басшысы Александр Гуков.
Кездесу соңында ресейлік кәсіпкерлер Павлодар кәсіпкерлерін Алтай өлкесіне келісім жасай және тәжірибе алмасу үшін келіп қайтуға шақырды.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: