astana-view

Шымкенттегі «Оңтүстік» Индустриалды аймағында мамандарды дайындау орталығы ашылды

2014 жылғы 21 Наурыз
2917 просмотров

Шымкенттегі «Оңтүстік» Индустриалды аймағында мамандарды дайындау орталығы ашылды. Жоба облыстық әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасының бірлесе қолдауы арқасында жүзеге асып отыр. Орталықтың басты ерекшелігі - мұнда дәріс алған және қайта даярлаудан өтетін студенттер индустриалдық аймақтағы мекемелерде іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. 

Ашылу рәсіміне қатысқан өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, оқыту жүйесі мен білім сапасына байланысты жұмыстарды әлі де жетілдіру қажеттігін айтты. Қазірдің өзінде 500-ден астам талапкер техникалық мамандықтар бойынша білім алуға тілек білдірген. Бұлардың барлығы жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындарда тапшы мамандар. 

Бұдан кейін министр Индустриалды аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Осыдан 4 жыл бұрын ашылған аймақтың бүгінде 85 пайызы игеріліп, 63 жоба қолға алынған. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында да екі жылдың ішінде 30 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, жалпы құны 31 миллиард теңге болатын жобалар іске асырылуда. 

Серік Дәрібаев, Кәсіпкер:
- Мемлекеттің қолдауымен алған грантымыз бар. Ол 6 млн. теңге. Қазіргі шығарып жатқан өніміміз искусственный мрамор дейді. Қолдан жасаған мәрмәр. Бұл Қазақстанда аналогы жоқ деп білеміз. Өте үлкен сұраныстарымыз бар. Елбасымыздың айтылған мораторийын біз де қолдаймыз. Осы кәсіпкерлік жұмысты одан әрі ұлғайтуымызға үлкен болуымызға бір себеп болады.

Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:
- Бүгінгі басқосудың Оңтүстік Қазақстан облысында өтуі тегін емес, мұнда Индустриалдық аймақтардың дамуы жөніндегі көрсеткіштер өзгелерден көш ілгері. Саны мен сапасы, тиімділігі жағынан нақты нәтижелерге қол жеткенін байқадық. Және осы тәжірибені бүгінгі селекторлық жиында басқа да өңірлерге тарату жөнінде әңгімелестік. Жиында сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты алда тұрған міндеттерді сараладық. 

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер