astana-view

Мемлекеттік сатып алуда пара алушылар көп

2017 жылғы 02 Мамыр
6477 просмотров

Тұрғын үйлер құлап, су дамбалары жарылып, адам шығынының орын алуы – сыбайлас жемқорлықтың салдары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті.

Шараға «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасарлары Рустам Жүрсінов пен Дана Жүнісова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы тобыныңмүшесі Айгүл Соловьева сонымен қатар ҚР Қаржы вице-министрілігінің өкілдері қатысты.

Сатып алулардағы қылмыстық әрекеттердің орын алып отырғаны туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев баяндама жасады. «2017 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік сатып алулар саласында 73 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Олар әдетте актілерді жазу, құжаттарды әзірлеу, рұқсатнама беру сынды рәсімдерде орын алатыны анықталды. Сонымен қатар сатып алулардың 40% бір жерден жасалады. Мұның бәрін бақылауға алу қиындық тудыруда. Конкурстардағы ашықтықтың жоқтығы қылмыстарға бастайтыны айқын. 2016 жылы 52,7 % байқау құжаттамасы қайта қаралды», – деді Алик Шпекбаев.

Саладағы өзекті мәселелер туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев баяндады. Мәселен, құрылыстағы бақылауға тендерге байқау жарияланғанда көп жағдайда қызмет көрсету бағанасында «1 теңге», «1 тиын» деген жалған бағалау жасалады, демек байқаудың бастапқы кезеңінен тәуір деген компаниялар шығып кетеді. «Бұл нағыз қылмыс. Құрлыстағы техникалық бақылауда сыбайлас жемқорлықтың орын алуы ең қорқыныштысы. Тұрғын үйлер құлап, су дамбалары жарылып, адам шығыны шығып жатқаны осы қылмыстардың салдары. Мұндай сатып алулардың халық үшін құны – бір тиын», – деді Павел Казанцев.

Мәжіліс депутаты сонымен қатар, медицина саласындағы сатып алулардағы сыбайлас жемқорлықтың салдарын айтты. Мысал ретінде ірі жеткізуші болған «СК-Фармация» қылмыстық әрекетін тілге тиек етті. Депутаттың айтуынша адам денсаулығына тікелей әсер ететін салаларды сыбайлас жемқорлық салдарынан барынша қорғау керек.

Сонымен қатар, спикер қолданыстағы демпингке қарсы жүйе қабілетсіздігін көрсетті, экономиканың дамуына кері әсерін тигізеді және сыбайлас жемқорлық қаупін тудырады, сондай-ақ көп жағдайда мемлекеттің бизнесті реттеу артықшылығымен негізделген. Бюджеттен қаржыландыратын техникалық қадағалау бойынша қызмет көрсетуді сатып алуға тендерлер, демпингпен күрестің құрылған жаңа жүйесіне сәйкес, өз қызметтерін 1 тиынға ұсынған мекемелер ұтады, ал сатып алудың электронды жүйесі осындай ақылға сыймайтын шешімге жол береді. «Кәсіпкерлік қызметті шектейтін жосықсыз жеткізушілердің реестрін құру негіздемесі қайта дайындауға жатады, ал мемлекеттік сатып алулар туралы үлгілік келісімшартта кәсіпкерлерді алалаушылық пен мемлекеттік орган алдында теңдей қойылмаған. Заңнамада қарастырылған мемлекеттік ішкі бақылау органдарының бастамасымен келісімшартты бұзу сыбайлас жемқорлыққа итермелейді», – деді депутат.

Онлайн-байланыс арқылы ОҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғазизбек Натбаев ҰКП мен Агенттік арасындағы келісім негізінде жасалған қоғамдық мониторинг туралы мәлімдеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы департаментінің жетекшісі орынбасары Жанна Қабдолдақызы да егжей-тегжейлі айтып берді.

Кеңес «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңнама отандық шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға кепілдік беру керек деп атап өтті, бұл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық бизнесті қолдау және дамыту туралы тапсырмасына сәйкес келеді. Кеңес қорытындысы бойынша ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов Үкіметке, Қаржы министрігіне және өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындалатыны туралы хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер