astana-view

«Самрұқ-Қазына» ұсынған алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу мәселесі «Атамекенде» талқыланды

2017 жылғы 12 Мамыр
9429 просмотров

Бизнес өкілдері  алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеуге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды

11 мамыр күні «Атамекен» алаңында Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың жетекшілігімен біліктілік тұрғысынан алдын ала іріктеудің мәселелеріне арналған жиын өтті.

Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова, «Самұрық-Қазына» АҚ бақылау және қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Жұмағали Мыңжасаров, сонымен қатар машина жасау, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісінің өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетілігін арттыруда Қазақстан Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, «Самұрық-Қазына» қоры 2015 жылдың желтоқсанынан бастап түрлендіру аясында сатып алу қызметінің жаңа үлгісін жасап, бірте-бірте енгізіп келеді. 2016 жылдың мамыр айында жеткізушілердің  алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу жүйесі (БАІ, іріктеу) енгізілді. Бұл сатып алуларда тұлғаның біліктілігі мен әрбір сатып алу кезіндегі жұмыс тәжірибесін растамай-ақ қатысу, тендерге қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету төлемінен 1%-ға дейін босатылу, құжаттарды нотариуспен бекіту қажеттілігінің болмауы секілді бірқатар басымдықтар берілген.

2017 жылдың сәуір айынан бастап 64 тауар атылымы (32), жұмыс (12) пен қызмет (20)  алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеуді пилоттық режимде қолдану жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда аталған позициялар бойынша жалпы 580 таңдалған мекеменің арасынан 167 ұйым өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ бақылау және қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Жұмағали Мыңжасаровтың айтуынша, алдағы уақытта барлық сатып алулар  алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу жүйесін қолдана отырып өткізіледі.

Сонымен қатар, кездесу барысында бизнес-қауымдастықтар, кәсіпорындар мен зауыттардың өкілдері, сондай-ақ өңірлердегі кәсіпкерлер видео-балйаныс арқылы сауалдарын қойып, алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу жүйесінің барлық сыншылдық кезеңінде индустриалдық сертификаты мен жекелеген тапсырыс берушілер анықтайтын сапа стандартына сәйкес енгізілу талабын ұсынды, сонымен қатар сатып алуларды жүргізген кезде халықаралық стандарттар мен қосымша артықшылықтарға мән беруді ұсынды. Өндірушілердің айтуынша бұл қазақстандық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға сеп болмақ.

Сонымен қатар кәсіпкерлер Қордың холдинг ішілік кооперация аясында  сатып алуды өткізу саясатына жекелей тоқталды. Кәсіпорындардың айтуынша, сатып алуларды жүргізгенде ашықтықты арттыру керек. Осыған орай «Атамекен» ҰКП холдинг ішіндегі кооперациялар аясында сатып алулар өткізудің белгілерін егжей-тегжейлі қайта қарауды ұсынып отыр. Егер сатып алынатын тауар бәсекелік нарықта бар болса, холдинг ішінде сатып алу мүмкіндігін жоюды ұсынды.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, сатып алу саласында техникалық сипаттаманы белгілі бір қатысушыға арнап дайындау мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті. Негізгі мәселе адами факторда екенін ескере отырып, Ұлттық палата техникалық сипаттаманың дайындау процесін автоматтандыру арқылы шараларын әзірлеуді ұсынды.

Осыған орай, Ұлттық палатаның шақыруымен Беларусия Ұлттық ғылым академиясы Индентификация жүйесі орталығының директоры Виктор Дравица қатысты. Ол Беларусь Республикасындағы тауарды паспорттау жүйесі туралы және сатып алуды өткізу кезінде байқау құжаттарын арнайы әзірлеуге қарсы күресті қолдану мүмкіндіктері жайында түсіндірді.  

Жиынды қорытындылай келе, Ұлттық палата Басқарама Төрағасы бизнес тарапынан берілген ұсыныстар назарға алынып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыным ретінде жолданатындығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер