astana-view

Бизнес-қоғамдастық өзін-өзі реттеу ұйымына қатысты жауабын алды

2017 жылғы 15 Мамыр
- Астана қаласы
5489 просмотров

 

 

Өзін-өзі реттеу институтын құруда қежетті нормалар мен стандарттар ескерілуі керек

«Атамекен» ҰКП алаңында өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру қағидаласын түсіндіруге, мемлекеттік орган функиясын бәсекелік ортаға беруге қатысты мәселелерді түсіндіруге арналған жиын өтті.

«Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанова өзін-өзі реттеу институтының құрылымына тоқталып, қызметінің негізін түсіндіріп өтті.

«Өзін-өзі реттеу институты жаңа құрал, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік артық араласуынсыз, өзін-өзі реттей алатындығын көрсететін болады. Мемлекеттік орган қызметін бәсекелік ортаға беру бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілгенде мемлекеттік орган 15 мың қызмет атқаратыны анықталған. Оның айтуынша, бұл қызмет өзін-өзі реттеу ұйымына жаппай берілмейді, жыл сайын, бірте-бірте беріліп отырады. Өзін-өзі реттеу ұйымы өзінің мүшелерінің қызметіне жауапты», – деді Айжан Бижанова.

Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі департамент директорының орынбасары Асланбек Жақыпов Қазақстандағы өзін-өзі реттеуді енгізудің мәселелері мен келешегі жайына тоқталды. Министрлік өкілінің айтуынша, нарықта бір ғана өзін-өзі реттеу ұйымын құру монополизацияға жол ашады, ал ондай ұйымның тым көп болуы шашыраңқылыққа алып келеді.

«Былтыр мамыр айында «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңы қабылданып, өзін-өзі реттеуді аудиторлық, экологиялық аудиторлық, бағалау қызметі секілді бірнеше бағыттарға енгізу қолға алынып жатыр. Өзін-өзі реттеу кәсіпкерлерге, кәсіби мамандарға белгілі бір саланы жеке өз бетімен реттеуге, тұтынушылар алдында адал қызмет етуге, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Асланбек Жақыпов.

Сонымен қатар ҚР ҰЭМ Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі басқарма жетекшісі Асқарбек Ертаев мемлекеттік орган функциясын бәсекелік ортаға беру мәселесі бойынша ҚР заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін түсіндіріп өтті. А.Ертаевтың айтуынша, бүгінде заң жоса әзірлену үстінде, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Парламенті Мәжілісінің талқылауына ұсынылады.

Ұлттық медициналық қауыдастықтың өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде мемлекеттік орган функциясын алуға дайындығы туралы да сөз қозғалды. Ұлттық медициналық қауымдастық президенті, «Zdrav Atameken» денсаулық сақтау субъектілері қауымдастығының вице-президенті Айжан Садықова  өзін-өзі реттеу ұйымы тәуелсіз мекеме, сондықтан ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайтын ұйымға сертификат бермеу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, кез келген ұйымды аккредиттеуден өткізе бермеуді, заңда көрсетілгендей орталық атқарушы орган болуы керектігін алға тартты.

«Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанова елімізде бағалау қызметінде 20 жыл бойы 16 өзін-өзі реттеу ұйымы жұмыс істеп отырғанын, сондай-ақ кей салаларда бір ғана өзін-өзі реттеу ұйымы қызмет атқаратындығын атап өтті. Департамент директорының атуынша Ресейде өзін-өзі реттеу институтының қызметі жүзеге асырылғанына 8-9 жыл болды, алайда тиісті нормалар мен стандарттардың уақытылы ескерілмеуінен қазіргі таңда жаппай қысқартуға ұшырап отыр, сондықтан Қазақстанға сол қателіктерді ескере отырып, тиісті ережелерді, нормалар мен стандарттарды жан-жақты қарастыру керек.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда өзін-өзі реттеу ұйымдарын құруға қатысты өзекті мәселесі көтеріп, орын алған кедергілер мен өзін-өзі реттеу институтын дамыту жолдары талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер