astana-view

Сең қозғалды: Әкімдіктер бағдарламаға қосымша қаржы бөледі

2017 жылғы 23 Маусым
3890 просмотров

Күн тәртібіне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қаржы жетіспеушілігі шығарылды

«Атамекен» алаңында «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасын жүзеге асырудағы түйткілді мәселелерге арналған кезекті жиын өтті. Басқосуға «Атамекен» ҰКП Бақарма Төрағасының орынбасары Юлия Юкупбаева, ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Төралқа Төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов, әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейлі банк  өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Бизнестің жол картасы­–2020» бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыруда қаржылай қолдау көрсету үшін ақшаның жетіспеушілігі, Өңірлік үйлестіру кеңесінің қаражат жоқтығынан жобаларды қарауы тоқтатылатыны мен Өңірлік үйлестіру кеңесінің жобаларды ұзарту жөніндегі алдын ала шешімінің болмауы мәселелері көтерілді.

«2017 жылдың 1 жартыжылдығына былтырғы осындай мерзіммен салыстырғанда бір жарым есе көп жоба мақұлданған. Кей өңірлерде, әсіресе Павлодар, Ақмола, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында игерілген қаржы бөлінген қаражат санынан артып кеткен, себебі Өңірлік үйлестіру кеңесі жаңа жобаларды қарауды және ескі жобаларды субсидиялау мерзімін ұзартуды мерзімінен бұрын аяқтаған», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Жалпы, субсидиялауға бөлінген қаражат статистикасы ағымдағы жылдың оң өсімін көрсетті. 2017 жылдың 1 жарты жылдығында субсидиялау бойынша 929 жобаға қол қойылған.

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин хабарлағандай, 1 маусымдағы жергілікті бюджетті орындауға қатысты есепке сәйкес 272,1 млрд теңге көлемінде артық қаржы анықталған. Бұл осы жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 65 млрд теңгеге көп.

Игермеу, қаржы жетіспеушілігі немесе артық болу деректері тиімділіктің төмендігі мен бюджетті жергілікті деңгейде ұйымдастырудің әлсіздігін, әкімдіктер қаражат бөлу процесінде дұрыс шешім қабылдау қажеттігін көрсетеді.

«Ақмола, Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында 412,6 млн теңге қаржы жетпеуі мүмкін деген болжамға қатысты, жалпы сипаттағы трансвертті есептегенде қабылданған міндеттемелер көлемі, өңірлік жалпы өнімдегі шағын және орта бизне өнімінің салыстырмалы салмағы мен әр өңір тұрғының экономикалық белсенділігі есепке алынған. Сонымен қатар, жасалған болжам мәліметтеріне қарамастан, кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік қолдау алуға өтінім қабылдау жалғасып келген. Сондықтан, мақұлданған жоба бойынша жасалған келісімшарт саны жоспардағы көрсеткіштен артық, бұл жобаны жүзеге асыруда тапшылық пен қаржы жетіспеушілігіне алып келеді. Мысалы Павлодар облысының Өңірлік үйлестіре кеңесі 4 ірі жобаны қайта құрылымдауға 180,7 млн теңгеның мақұлдауды жөн санаған, ал ОҚО әкімдігі ірі жобаны субсидиялауды қайта жаңартты. Мұндай шешімнің мақсаттылығы күмән тудырады», ­– деді Серік Жұманғарин.

Вице-министр тұжырымдай келе, жеке кәсіпкерлікке болашақта да қолдау көрсету мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әкімдіктерге әрбір жобаны қарастыруда жауаптылық танытуға, бекітілген әр жобаның тиімділігін лимитті есепке ала отырып қарауға кеңес беретінін қосты.

Жиында «тиімді жоба» түсінігіне қойылатын талапты қайта қарау мәселесі талқыланды.

Ұлттық палата былтырдан бері Ұлттық экономика министрлігінің алдында «тиімді жоба» түсінігіне қойылатын талапты қайта қарау мәселесін көтеріп келеді. Себебі қазіргі экономикалық күрделі жағдайда «тиімді жобаларды» анықтауға қойылатын талаптар кәсіпкерлер үшін тым қатаң болып отыр.

Талқылау барысында көрсетілген жалпы талаптардың екеуі болса, кәсіпорынды «тиімді жоба» түсінігіне жатады деп санау ұсынылды. Оның үстіне қызмет көрсету секторы үшін кәсіпорын кірісінің өсуі, жұмыс орнының орташа жылдық санының артуын қалдыру ұсынылды, ал өндіріс саласы үшін кәсіпорынның табысының артуы мен бюджетке төленетін салық көлемінің 10-20%-ға өсуі талап етіледі.

«Даму» қоры «Атамекен» ұсынысын қолдады. Жалпы вице-министр қарсылық жоқтығын атап өтті.

Жиналыс барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі үшін инфрақұрылым құралдарына қол жетпеу, құбылмалы мөлшерлеме қою мен мақсатты пайдаланбағанда бюджет субсидиясын қайтару және жобаның «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкессіздігі мәселесі талқыланды.

«Атамекен» өкілдері субсидияның қайтаруға қатысты қолданыстағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының талаптарына сәйкестілігі мен мақсатты қолданылуын бақылау механизмі қалыптасқан деген пікір білдірді. Алайда, жобаның нысаналы мақсаты оны жүзеге асыру барысында ғана анықталады. Сондықтан, екінші деңгейлі банк өкілдері жобаны субсидиялау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қаражатты мақсатты қолданғанын растағаннан кейін бастаған жөн дегенді алға тартты. Оның үстіне нысаналы мақсатын растау кезінде субсидиялауға қажетті қаражат жеткіліксіз болмауы мүмкін деген қауіп бар, бұл жалпы Бағдарламада инвестициялық жобалардың көлеміне әсер етеді.

Жиын қатысушылары несие қаражатын мақсатты пайдаланбағанда субсидияны қайтару механизмін банк айтқан мәселені есепке ала отырып енгізу керек деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы айтылған мәселелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен мүдделі тараптардың өзара байланысынуы арқылы шешу жұмысын жалғастыруға шешім шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер