astana-view

ҰКП: Елордалық кәсіпкерлер БЖК аясында субсидия алу мүмкін емес деп санайды

2014 жылғы 27 Наурыз
2561 просмотров

Әрбір екінші астаналыққа БЖК аясында субсидия алу мүмкін емес болып саналады. Мұндай нәтижелерді кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама көрсетті. Бұл туралы ҚР ҰКП қоғамдық мониторингінің қорытындылары бойынша өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Кәсіпкерлер дұрыс тексерістен басқа, оларға мемлекеттің «Бизнестің жол картасы» секілді бағдарламалар арқылы шынайы қолдау көрсеткенін қалайды. Статистика бойынша, кәсіпкерлердің «БЖК» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну қызметіне көңілдері толмайды», - деп атап өтті ол.

«Ал субсидиялау – бизнеске қаржылық қолдау ұйымдастырудың ең танымал үлгісі. Астанадағы кәсіпкерлердің көпшілігі БЖК аясында мемлекеттік қолдауға ие болу мүмкін емес екенін айтады. Қанағаттанбаушылық -52 %», - дейді Г.Құрбанбаева.

Ең жоғары көрсеткіш Атырауда тіркелген (72%). Дәл осындай жағдай Қостанай, Маңғыстау және СҚО-да да байқалады.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер