astana-view

Қытай Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне баға берді

2017 жылғы 11 Қыркүйек
4170 просмотров

«Қытай–АСЕАН Expo–2017» халықаралық жыл сайынғы көрмесі Қытайда өтіп жатыр

Халықаралық көрме Қытайдың Наньнин қаласында ұйымдастырылды. Оған Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-преьмері Чжан Гаоли мен ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және екі елдің мемлекеттік органдарының, өңірлік билік өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы Экономикалық белдеуін» «Нұрлы жол» бағдарламасымен ұштастыру бойынша бастамасы инвестициялар тартуға және инфрақұрылымдық жобалар бойынша екі елдің іс-әрекетін үйлестіруге мүмкіндік берді»,​ - деп атап өтті ​Асқар Мамин және екі елдің экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жобалардың табысты іске асырылып жатқандығын баса айтты деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстанның экономика салаларындағы стратегиялық серіктестерінің бірі – Қытай.

«Біздің елдерді заманауи жағдайда тарихи Жібек жолы дістүрін қайта жандандыруға қолға алған «Бір белдеу, бір жол» экономикалық стратегия байланыстырады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Еске салсақ, 2013 жылдың 16 қыркүйегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда өзінің «Жібек жолы экономикалық белдеуі» идеясын хабарлаған еді.

«Бір белдеу –бір жол» тұжырымдамасы – өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен дамудың бастамасы. Ол экономикалық, инфрақұрылымдықтан бастап гуманитарлыққа дейінгі бірқатар салаларды қамтиды. Оның ішінде екі елдің экономикалық байланысының драйвері ретінде агроөнеркәсіп кешені қалыптасты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстанның кәсіпкерлік қоғамдастығын танытады. Қытай үшін Қазақстан – агроөнеркәсіп саласындағы ірі де анағұрлым келешегі бар сауда серіктесі», – деп атап өтті Нұржан Әлтаев.

Қазақстан кәсіпкерлері өз еліміздің аумағында Қытай серіктестерімен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр, ол болашақта Қытайға сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Нұржан Әлтаев Қазақстанның сапалы да қауіпсіз азық түлікті Қытайға жеткізетін елге айналуы мүмкін екеніне назар аударды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайта өңдеуді дамытуға инвестиция тарту Қазақстан мен Қытайдың арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды мәселе. Осы тақырып ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің биыл маусым айында Астана қаласында өткен кездесуі барысында айтылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев баяндамасында Қазақстанмен жасаған өзара ынтымақтастық туралы келісім аясында бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып отырғанын айтты. Бүгінде рапс майы, ет, томат пен басқа да өнімдерді қайта өңдеуге қатысты жобалар іске асырылып отыр. Мұнымен қоса, Қытайдың «Citic Group» ірі компаниясымен ынтымақтастық аясында бидай мен бидай масағын қайта өңдеуге қатысты ауқымды екі жоба жүзеге асырылады.

«Биылғы жылдан бастап Қазақстан өнімдері «Jumore» электронды сауда алаңы арқылы Қытай нарығына шығарылады. «Jumore» компаниясымен Астанада көпфункционалды орталық ашуға қатысты келісімге келдік. Орталықта екіжақты транзакцияны қамтамасыз ететін логистикалық хаб, қаржы орталығы және сауда орны ашылады. Сонымен қатар тұтынушыларға сертификаттау мен кедендік тазарту қызметтері көрсетілмек», – деп хабарлады Нұржан Әлтаев.

Баяндама барысында Басқарма Төрағасының орынбасары Қазақстанның бидай, мен майлы дақылдар, ет, ұн, өсімдік майы, кондитерлік өнімдер, сусын мен басқа да тағамдық өнімдерді экспорттауды дамытуда әлеуеті зор екенін атап өтті. Осылайша Қытай нарығында Қазақстан таза әрі экологиялық сапалы өніммен қамтамасыз ететін ел ретінде айтарлықтай орын алуға мүмкіндігі зор.

Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азиядан келген қонақтар мен көрме қатысушылары біздің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріміз туралы біліп қана қоймай, Қазақстанның инвестициялық ахуалының ерекшеліктері, еліміздің мәдениеті мен туристік әлеуеті жайында хабардар бола алады», – деп түсіндірді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Форум нәтижесінде агроөнеркәсіп кешені саласына қатысты бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Батыс Марка Ламб» қазақстандық ет өңдеу компаниясының төрағасы Рахымжан Исмағамбетов пен Zheng&Agrotechnology Co. Ltd қытайлық компаниясының төрағасы Ли Сианьмин ҚХР-ға қой етін экспорттау үшін 30 мың мал басын союға арналған заманауи мал бордақылау алаңын құру жөніндегі Меморандумға қол қойды. Шетел инвестицияларының көлемі $47 млн құрайды. Жоба 2018 жылы іске асырылады. Ағымдағы жылы қуаттылығы кезегіне 1,5 мың қой болатын «Батыс Марка Ламб» ет комбинаты Иранға қой етін экспорттауды бастады.

Сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев пен Silver Tiger Capital компаниясының басшысы Цуй Лунфэй $250 млн капиталдандырумен бірлескен Инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық туралы Негіздемелік келісімге қол қойды. «Aitey Group» холдингінің Басқарма Төрағасы Сейітжан Есімов пен Stone Stock компаниясының Басқарма Төрағасы Ху Цзинпэй Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер