astana-view

ҚР Премьер-министрі –Үкімет бизнесті қайта реттеуге арналған шараларды қабылдады

2017 жылғы 26 Қазан
4515 просмотров

Бақытжан Сағынтаев Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

Ел Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылары мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру, туристік салаға қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін суаруға арналған сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, туристік салаға мемлекеттік қолдау көрсету секілді бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Ауылдық жердегі және шағын қалалардағы кәсіпкерлер үшін шағын несиеге қаржы бөлу тақырыбы да көтерілді.

Маңғыстау облысындағы халықтың 60% ауылдық жерде өмір сүреді. Өз кезегінде екінші деңгейлі банктер аудандардағы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы бөлмейді. Шағын несиелеудің жыл сайынғы көлемі – 2 млрд теңге. 2017 жылы – 474 млн теңге бөлініп, ол 100% игерілген. Ал 2018 жылға Ауыл шаруашылығы министрлігі 490 млн теңге сұраған, алайда бұл сома 2018 жылғы және 2017 жылдың өткізілетін жобаларын қанағаттандыруға жеткіліксіз.

Кездесу барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтың авиация комитеті тарапынан ұшуды шектеуі айтылды.

Ақтау әуежайы Батыс Қазақстанның торапты әуежайы болып саналады және жолаушылар легі бойынша Алматы мен Астана әуежайларынан кейін 3-орынды алады. АТМ Group ЖШС сенімді басқаруымен әуежайдың инфрақұрылымы мен жолаушылар терминалын дамытуға 80 млн доллар қаржы құйылған.

Бүгінде Ақтау әуежайы әуе қатынасының барлық типіне ұшу массасы бойынша шектеусіз қызмет көрсете алады. Оның үстіне, әуежайға түсіп отырған салмақ негізгі мүмкіндіктің 37% құрайды. Алайда, ұшуға мүмкіндік болғанымен, жолаушылар үшін Қазақстаннан тыс ұшуға Мәскеу, Баку және Ыстанбұл хабтарынан шектеу қойылған. Кездесуге қатысушылар Ақтау әуежайына қойылған ұшу шектеуі жаңа рейстерді ашуға, маршурттарды дамытуға мүмкіндік бермейтіндігіне назар аударды.

Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығының негізі – мал шаруашылығы, атап айтқанда түйе өсіру кеңінен тараған. Республикадағы түйенің 3/1 бөлігі осы өңірде өсіріледі. Бүгінде облыс аумағында түйе сүтін қайта өңдейтін және «Аруана» шұбатын бөтелкеге құятын 5 цех жұмыс істейді. Түркіменстан заңнамасына сәйкес түркімен түйелерін әкетуге тыйым салынған. Басқсуда бұл мәселе де Үкімет назарына ұсынылды.

Жиында туристік саланы қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындау мәселесі жайлы айтылды. Бұл шара туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру, қажетті жеңілдіктерді қарастырар еді.

Туризм әлем экономикасында тауар мен қызмет экспорты (7,4%), автокөлік экспорты, химия мен отын экспортынан кейін төртінші орынды алады. Табыстылығына қарай мұнай өндіру өнеркәсібі мен автокөлік құрастырудан кейінгі үшінші орынды алады.

Қазақстанның туристік өнімдері бірегей, сондықтан айтарлықтай бәсекеге қабілетті, бірақ сервис деңгейі мен туристік қызмет бағасы бойынша шет елдікінен қалыс қалады.

Өңірде туризм саласын дамытуға кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелер анықталған:

  • Инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымауы;
  • Туризм саласының білікті мамандарының аздығы;
  • Турзим саласын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның жоқтығы оның ішінде турзим саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру, қажетті жеңілдіктерді беруді есепке алу керек;
  • Инвесторлар тарапынан қызығушылықтың төмендігі.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту туралы айта отырып, бұл өңір үшін басым бағыт екеніне назар аударды. Алайда мемлекет тарапынан шешілуі тиіс бірқатар мәселе де жоқ емес. МЖС жобаларын қаржыландыру кезінде екінші деңгейлі банктер МЖС жобаларын инвестициялық тартымдылығы бар деп қарамай, тәуекелі жоғары деп бағалайды. Яғни, ЕДБ негізгі нормативтік құжаттарына сүйене отырып МЖС келісімшартын қамтамасыз ету деп қабылдай алмайды, себебі бекітілген пруденциялық нормативтерді бұзған жағдайда екінші деңгейлі банктер шығынға ұшырайды.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі еліміздің бизнес ахуалын жақсартып, отандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолында жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Бизнесті қайта реттеу бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр, бүгінде бизнеске рұқсат құжаттамасының саны шамамен үш есеге қысқартылды.

Сондай-ақ, түрлі есептемелер мен мәлімдемелердің, негізсіз салық тексерулерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Бұдан өзге, бизнестің мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектор сатып алуларына қолжетімділігін арттыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді, еліміздің әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамту көлемін ұлғайтудың мақсатты индикаторларын орнату жұмыстары бастау алды.

Қаржылық қолдау көрсету шаралары туралы айтар болсақ, қазіргі таңда мемлекет Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырып жатыр, оның аясында тиімді мөлшерлеме бойынша 18 млн теңгеге дейін шағын несиелер беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер