astana-view

Астаналық кәсіпкерлер жалған санитарлық кітапшалар мәселесін көтерді

2014 жылғы 28 Наурыз
2796 просмотров

Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы мен тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің бірлескен семинарында азық-түлік дүкендері, мейманханалар мен дәмхана қызметкерлері жалған санитарлық кітапшалар мәселесін көтерді, деп хабарлайды BNews.kz кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жұмысқа қабылданатын адам жұмыс берушіге жалған медициналық анықтама мен санитарлық кітапшаны тапсырады. Мұндай жағдайда кәсіпкер өзін-өзі қалай қорғай алады? Оған кім жауапты?» - деді семинарға қатысушылар. 

Азық-түлік нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Шәймерденованың айтуынша, жалған медициналық құжаттар мәселесімен ішкі істер органдары айналысуы керек. «Заң бойынша меданықтама мен санитарлық кітапшадағы мөрге емхана жауап береді. Дегенмен жұмыс беруші жаңа маманды жұмысқа қабылдаған кезде оның құжаттарын тексеруге міндетті», - деді ол. 

Сонымен қатар ол рентген суреті санитарлық кітапшаға жапсырылуы тиіс екенін атап көрсетті. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері болса жұмыс беруші кез келген анықтаманы елордалық денсаулық сақтау департаментінің 086.kz сайтында тексере алатынын айтты. Ол үшін анықтаманың ЖСН-ні көрсету жеткілікті.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер