astana-view

«Атамекен» алаңында Ұлттық парктерде туризмді дамыту мәселесі талқыланды

2017 жылғы 02 Қараша
4041 просмотров

2017 жылы 2 қарашада «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша жиын өткізілді. Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев, мемлекеттік орган өкілдері, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.

Отырыс «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның сәлемдесу сөзінен басталды.

«Соңғы жылдары Ұлттық парктерде туризмді дамыту арқылы кәсіпкерлікті қолдау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Биылғы жылы белгілі бір алға жылжулар бар. Оған Ұлттық палата, ҚР Ауыл шаруашылық  министрлігі алаңдары талқылаулармен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қосылуы әсер етті. Премьер-Министрдің орынбасары тапсырысына байланысты үлкен көлемдегі жұмыс атқарылды.

 Заңнамаға өзгерістер еңгізу мәселесі бойынша ұлттық парктер мен жергілікті атқарушы органдарға байланысты сұрақтар тізімі бар. Бұл тұста ұйымдастыру мен заңнамаға байланысты барлық сұрақтар шешілсе, бас жоспар мен инфрақұрылымға байланысты сұрақтар ғана қалады», –  деді Басқарма төрағасының орынбасары.

ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі өз кезегінде туризмнің болашағы зор сала екендігін бәрі білетіндігіне назар аударды.

«Алайда, инфрақұрылым саласына келгенде алға жылжулар байқалмайды. Туризтік объектілердің құрылыс мәселесінде компаниялардың қызығушылығын байқамаймыз», –  деді Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нысанбаев туризтік объектілердің құрылысына ақша салатындар негізінен бұл саладан алшақ болатындығын байқағандығын атап өтті.

«Кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізген уақытта қоғамдық ұйымдармен алдын ала кездесіп, рәсімдеуге байланысты сұрақтарды шешкен едік. Ұлттық парктерде туризм аймақтарын дамытудың бас жоспарын әзірледік. Ерекше қорғалатын аумақтар Қазақстанның ең көрікті жерлері. Мәселелер болса, қарастыруға дайынбыз. Нормативтік-құқықтық базаға байланысты заңнамадағы жетіспеушіліктер бойынша ойлайрыңызбен бөлісіңіздер», – деді ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі.

Юлия Якупбаеваның айтуынша инвесторлардың салған ақшалары ақталу үшін туристтік ағым үлкен болуы тиіс.

«Туристтік ағым үлкен болу үшін логистика қажет. Сонымен қатар, адамдарға дәретхана, асхана сынды қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет. Онымен қоймай, бізге гүлдерімізді, саңырауқұлақтарымызды басып, барлық тастарды алып кетесіздер, петроглифтарды сызып тастауда мүмкін деп айтып жатады. Бірақ бұл мәселе де видео бақылаумен шешіледі. Осы сынды мәселелер шешілсе, инвесторлар жұмыс жасауға дайын», – деп есептейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Отырыс барысында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің бас сарапшысы Тимур Бекқалиев Дүниежүзілік экономикалық форумдағы Қазақстанның көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

«Қазіргі таңда Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстан 81 орынды иеленіп отыр. Екі жыл бұрын 85 орын болатын. Ашықтық, инфрақұрылым мен медициналық көмек көрсету бойынша біздің көрсеткіштеріміз бірінші ондыққа кірді. Алайда, мәдениет пен табиғи байлық бойынша 120 орындамыз. Бұл ақпараттың жоқтығынан болуы керек. Ресурстар бар, алайда олардан тауар болдыра алмаудамыз. Не істеу қажет? Үздік әлемдік тәжірибені бақылап, уәкілетті органдар мен бизнеске ұсынатын бірнеше ұстанымдарымыз бар. Ұлттық парк аумағында бизнестің субьектілеріне экологиялық жауапкершілік жүктеу мен шарттар бекітуді ұсынамыз», – деді Тимур Бекқалиев.

Отырыс қатысушылары өздерінің бастамалары мен ұсыныстарын айтты.

Аймақтағы бизнес өкілдер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс обьектілеріне облыстық бюджеттен бөлінетін шығындар бойынша Бюджеттік кодеста ереженің жоқтығы жайында сөз қозғады. Облыстық бюджеттен қаражат бөлінетін әлеуметтік маңызы бар  кейбір жобалар бар. Мәселен, әлеуметтік маңызы бар жолдардың құрылысы.

Бюджеттік кодекстің 54 бабының 1 бөлімінің 8) қосалқы бөлімінде «республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс обьектілерін салу (жол, көпір, электр тасымалдау желілері сынды т.б коммуникация түрлері)»  деген қосымша абзацпен толықтыру қажет.

ҚР Ауыл шарушылық министрлігінің Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының жетекшісі Мақсат Елемесов Бюджеттік кодексқа түзетулер енгізіліп, инфрақұрылым обьектілерін қаржыландыруға мүмкіндік болатындығын айтты.

Ерлан Нысанбаев бас жоспарды қайта қарайды ұсынды.

«Бас жоспарды жасау барысында барлық ерекшеліктер ескерілу тиіс. Су мен жарық жүргізу, автокөліктерге арналған тұрақ, қарау алаңдары жайында толық ақпарат беру. Осының барлығы бір жерде тоғысып, бір бас жоспарда көріну қажет. Бұл жағдайда бірнеше орган болу арқылы қалаған қызмет көрсетуге қол жеткізетін боламыз», – деді Ауыл шаруашылық вице-министрі.

Алматы облысының туризм саласының кәсіпкері осы облыстың туризмды дамыту саласында әлеуеті жоғары екендігін айтып өтті.

«Бізде 5 ұлттық парк пен 2 қорық бар. Ұлттық парктерге бағытталған әдіснаманы өзгерту керек. Алматылық жергілікті атқарушы орган Үлкен Алматы көлін (ҮАК) жарнамалауға бағытталған маркетинг саласына қаражат бөледі. ҮАК бұл уақытта күніне 10 адам ғана өткізе алатын өткізу жүйесі арқылы жұмыс істейді. Мұндай жағдайда турист бара алмайтын жерді жарнамалауға қаражат бөлудің қажеті не? Ұлттық парктерді жүйелендіруге байланысты мәселелерді ретке келтіргеніміз жөн», –  деді алматылықтар.

Сонымен қатар, Алматы әкімшілігі ұлттық парктертің қызметін цифрлауды ұсынуда. Мәселен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру билетін онлайн алу мүмкіндігі. Бұл жемқорлықтың алдын алу шарасы ғана болмай, келушілердің көрсеткіштерін бақылап отыруға жол ашады.

Қазақстан туристтік қауымдастық кеңесінің өкілі Дәурен Валиев ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесі жайында айтып өтті.

«Шетелде ерекше қорғалатын аумақта 38 мың жануар болғанына қарамастан күнде 200 джип ұлттық парк аумағына келеді. Дегенмен барлығы өз кезегімен жүріп жатады. Бұл тұста ұлттық парктерді ешкімге көрсетпейтін болсақ, несіне ерекше қорғаймыз деген сұрақ туындайды. Ұлттық парктерді балаларға көрсету шетелдік тәжірибесінен үлгі алу керек. Сайғақ, қарақұланды бірде бір көрмеген балаларымыз болашақта оларды қалай қорғамақ? Бұл жерге басқа тәсіл қажет», – деп ойлайды Дәурен Уәлиев.

Ұлттық парктердің бас жобасын дайындауда бизнес өкілдері өз үлестерін қосуға құлшыныс білдіруде.

Туризм саласында жобаны таныстыруда бизнес қауымдастықтың ойы ескерілетіндігін Мақсат Елемесов атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі туризм саласын дамытуда экологиялық қауіпсіздікті және жануарлардың кейбір түрлері үшін «көбейю үйлерін» ескеруді ұмытпау қажеттігін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер