astana-view

Павлодарда кәсіпкерлерге сенім сертификаттары табыс етілді

2014 жылғы 28 Наурыз
2319 просмотров

Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасы таныстырған пилоттық жоба аясында Павлодар мұнай-химия зауыты және «Крендель» ЖШС-ге сенім сертификаттары табыс етілді, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Сенім сертификаттарына ие болған кәсіпорын басшылары мұндай жобалардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Және алдағы уақытта да өз қызметкерлерінің заңдық, еңбек құқықтарын сақтау бойынша міндеттемелерді тиісті деңгейінде атқаратындарын жеткізді.

«Павлодар облысы алғашқылардың бірі болып жобаны сәтті жүзеге асыруда. Бұдан бөлек бүгінде пилоттық жоба Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында да қолға алынған», - деп атап өтті Т. Оспанқұлов.

Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Райхангүл Сатабаева жобаға қатысушы кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан өздерінің өзгеге үлгі бола алатындығын дәлелдеуі тиіс екенін баса айтты. Сол арқылы мемлекеттің артып отырған сенімін ақтап, өз қызметкерлерінің құқығын қорғау бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындап жатқанын көрсетеді.

«Бүгінде мемлекет бизнестің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасап келеді. Осыған қатысты Елбасы Жарлығының шыққаны белгілі. Енді барлығы кәсіпкерлердің өздерінің белсенділігіне байланысты болып отыр. Бизнес жұмыла кірісіп, жасалып отырған барлық жағдайды ұтымды пайдалана білуі тиіс. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде жұмысқа белсенділікпен қатысамыз», - деді Сатабаева.

Дерекнамасы: pavlodarnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер