astana-view

Кәсіпкерлерден талап етілетін рұқсат құжаттарының нақты тізімі бекіді

2014 жылғы 29 Наурыз
2819 просмотров

Кәсіпкерлерден талап етілетін рұқсат құжаттарының нақты тізімі бекіді. Бас аяғы 742 құжат. Бұл басты кедергілерді жойып, отыз пайызға қысқартылып, іріктелгені. Осылайша барлық рұқсатнама қағаздары бір заңға біріктіріледі. Үкімет құжатты жуырда Парламентке ұсынады. 

Бүгін Премьер-министр Серік Ахметов жауапты тұлғаларға  тиісті тапсырма жүктеді. Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев заң жобасы Қазақстанның рұқсат беру жүйесіндегі біраз түйткілді шешуге бағытталады, оның ішінде жаңа рұқсат құжаттарының негізсіз енгізілуіне тосқауыл болады деп отыр.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Енді мына заңда 742 барлық рұқсат беру қағаздары заңмен бекітілген. Сондықтан егер мемлекеттік органдар  тағы бір қағаз шығарғысы келсе, рұқсатнама кәсіпкерге кедергі болатын ол тек заң жүзінде Мәжіліс арқылы өтеді. Сондықтан бұл өте үлкен тосқауыл. Осы уақытқа дейін Үкіметтің қаулысымен, мемлекеттік органдарының өздерінің бұйрығымен жаңа түрлі қағаздарды жасай беретін.

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер