astana-view

Кәсіпкерлер экологиялық кодексті реформалауды ұсынады

2017 жылғы 15 Желтоқсан
6994 просмотров

Экологиялық кодекстың басты мақсаты бюджетті толықтыру емес, қоршаған ортаны жақсарту болуы тиіс

14 желтоқсан күні «Атамекен» ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өндіріс комитетінің отырысы өтіп, Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, «Тау-кен және металлургия ұйымдары республикалық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің комитет төрағасы Николай Радостовец, «ҚР геологиялық өндіріс ұйымдарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Галина Баймаханова, мүдделі тараптар мен қауымдастық өкілдері қатысты.

Күн тәртібі бойынша «Жер қойнау мен жер қойнауын қолдану» ҚР кодексі, ҚР заңнамасына объектілер мен ерікті құтқару топтары бойынша өндірістік қауіпсіздік өзгерістер мен қосымшалар енгізу, табиғатты қорғау және көмір өндірісіін дамыту бойынша заңнаманың өзекті мәселелері қарастырылды.

«Қолға алынған шаралар геологиялық саланы дамытуға серпін беретіні белгілі. Алайда қабылданған кодекс үшін ғана инвесторлар бос жерге ағылып келеді деп ойлау дұрыс емес. Геологиялық ақпараттың айқындығы және ашықтығын қамтамасыз ететін жер қойнауын басқару бағдарламасы дайындау бойынша алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Сол себепті геология бойынша салалық бағдарлама әзірлеу қажет», – деді «ҚР геологиялық өндіріс ұйымдарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Галина Баймаханова.

Галина Байханованың ұстанымын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов қолдап, сала бойынша жұмыс алға жүруіне Ұлттық палата қолынан келетінін жасауға дайын екендігін айтты.

«Қазақстандағы геология саласының мәселелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Асқарұлының бақылауында. Қазақстанда геологиялық барлау әлеуетін қалпына келтіру маңызды. Тау-кен саласын дамыту бойынша бағдарлама әзірлеу қажеттігі мәселесін шешу маңызды деп ойлаймыз, себебі компанияларға болашаққа бағдар қажет, қандай кен орындар тізімнен шығатындығы белгілі болу керек, өзіміздің тауармен қандай нарыққа шыға алатындығымыз сынды сұрақтарға жауаптар керек», – деді Елдос Рамазанов.

Комитет мүшелері аталған бағдарламаны әзірлеп, Қазақстанда өтетін Халықаралық тау-кен конгрессінде (WMC 2018) бұқараға ұсынуды қолдады. Комитет төрағасы Николай Радостовец жоғарыда аталған мәселелермен қатар көмір өнеркәсібіне назар аударды.

«Көмір Қазақстанның экспорттық өнімдерінің бірі екендігін ескеруіміз қажет. Қазіргі таңда көмір жағу мен өндіру бойынша бірқатар экологиялық талаптар бар. Дегенмен, тіпті экологиялық талаптар ең жоғары болып табылатын Германияны қарасақ та электр энергиясының 40% көмірге негізделген. Қазақстанның көмір қорлары баршылық екендігін барлығы біледі және бізге көмір үшін жаңа нарықтар ашу маңызды», – деді Николай Радостовец.

Қатысушылар 2018 жылдың жазында алғашқы Қазақстанның көміршілер форумын өткізу ұсынысын қолдап, ол уақытқа дейін саланың даулы мәселелерін анықтау қажеттігін айтты.

Комитет мүшелері экологиялық заңнаманы қайта қарастырып, қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс жасау мәселесі көтерілді.

«Қолданыстағы экологиялық заңнама қоршаған ортаны жақсарту емес, бюджетті толықтыруға бағытталған. Мәселен, Павлодар облысы бойынша компаниялардан алынған экологиялық төлемдерінің қаражаттың 3%-ы ғана қоршаған орта қорғау шараларына берілді. Мұндай жағдай әсерінен компаниялар мен мемлекеттік органдар арасындағы түсінеспеушіліктер пайда болады», – деді Николай Радостовец.

Нәтижесінде қатысушылар 2018 жылы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер