astana-view

«Атамекен» туризмнің негізгі 6 бағытын атады

2017 жылғы 14 Желтоқсан
6204 просмотров

13 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, мемлекеттік органдар, турситік қауымдастықтар мен туризм бизнесі өкілдерінің қатысуымен бірінші туризм жөніндегі Кеңес өтті.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева да қатысты.

Басқарма Төрағасының орынбасары өз баяндамасында бірлесіп атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелерін атап өтті.

«2017 жыл туризм базасы мен инфрақұрылымын құруда маңызды жылға айналды. Салалық комитет, «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы құрылды, 2023 жылға дейін туризмді дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Жергілікті атқару органдары мен «Атамекеннің» өңірлік палаталары бірлесіп туризмнің тартымды аймақтарын түгендеу жұмысын атқарды. 16 өңір бойынша салалық қағида бойынша біріктірілген Жол картасы әзірленіп, Тұжырымдаманы жүзеге асы бойынша Іс-шаралар жоспарына енгізілді», - деп хабарлады спикер.

Юлия Якупбаева баяндамасында 2018 жылға арналған негізгі 6 міндетке тоқталды.

БІРІНШІДЕН, өңірлік туризм өнімін дайындау.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда туристің болатын орташа уақыты – 2 күн. Негізінен бұл адамдар жұмыс бабымен – конференцияға, келіссөздерге және тағы басқа үшін келеді. Өкініштісі, сол туристер отбасылы адамдар секілді емес, аз қаражат жұмсайды. Мұнымен қоса, бізде тарихи жерлер көп болса да, отбасылы адамдар балаларымен бірге келетіндей жағдай жасалмаған.

Мысалы біз Тараз жауқазын алғаш өсірілген мекен екенін айтар болсақ, туристер қызығушылық танытар еді. Сондықтан осы қалада жауқазын музейі болуы тиіс. Сол сияқты Алматыда – алма музейі. Интерактивті экспозиция орналастырылса тіпті жақсы.

Бірінші кезеңде әр өңірде мазмұнды (аңыз, әфсана, тарихи танымдық ақпарат) 2-3 үлгілік маршрут болуы керек. Бұл Қазақстан бойынша сол бағыттарға тапсырыс бере алатындай жолсапардың негізіне айналуы керек.

ЕКІНШІДЕН, шет елде Қазақстан брендін таныту.

Жасалатын туристік өнімдер «Қазақ туризм» жұмысының негізіне айналуы тиіс. Мұнда танымалдылық маңызды. Мысалы Парижге  барсақ Францияның символы саналатын круассан, Эйфель мұнарасы, МуленРуж диірмені бейнеленген кәдесый аламыз.

Ал Қазақстан дегенде ойымызға не оралу керек? Қарапайым сауал болғанымен, суреттелуі керек – алма, тау, қырын, жылқы, мұнай мұнарасы, Астана, Геннадий Головкин – мұның барлығы да символ. Оны бірге жинақтап, кәдесый, жарнамалық ролик және тағы басқа да өнімдер арқылы көбейтіп, тарату керек,

Екі жақты байланысты жүзеге асыру маңызды. Мысалы БАӘ, Оңтүстік Корея, Ресейге тұрақты рейстер ұшады. Әр елдің тұрғындары түрлі туристік өнімдерге қызығатыны белгілі. Сондықтан тарату тетіктері де түрлі болуы керек.

Мұнда «Қазақ туризмнің» нарықпен тығыз байланысы маңызды. «Атамекен» өз алаңын ұсына алады. Контентті бірлесіп қарауға келісім бар. Әкімдіктер мен нарық өкілдері түрлі көрмелер мен конференцияларға қатысатын роликтер мен имидждік өнімдерді жетілдіру керек. Жаңа жылдан бастап осы жоба қолға алынады деген жоспар бар.

ҮШІНШІДЕН, көрікті жерлер рейтингі.

Өкініштісі, біздің әлеуметтік туристік тартымдылық туристерге арналмаған. Әсіресе шетелдік туристерді қызқтырмайды. Шет тілін білетін гидтер де жоқ. Электронды билет алу мүмкіндігі және жоқ. Логистика жағы да түсініксіз. Музейлерде тамақтанатын орындар қарастырылмаған.Экспозициялар ескірген, интерактив қойылмаған. Дәретхана мәселесі шешілмеген.

Мұндай тығырықтан шығу үшін көрікті жерлер рейтингі жүйесін қарастыру керек. «Атамекен» ұсынған қытай тәжірибесі ме, «Қазақ туризм» ұсынған испаниялық тәжірибе қолданылама, оның маңызы шамалы.

Мысалы, қытай жүйесі бойынша 5 А балын алу үшін: жедел автомагистраль, темір жолы, әуежай болуы керек. Турист қауіпсіздігі үшін білікті гидтер, жайлы инфрақұрылым да міндетті. Сауда жасауға мүкіндік мен өңірлерде экологиялық жағдай жақсы болуы керек.

Турист мүддесін барлығынан да жоғары қою керек. Бағалаудың түсінікті критерийлерін анықтап, 2018 жылы осы жұмысты бастау қажет. Ары қарай өңірлер арасындағы бәсекелік барлығын да реттейді.

ТӨРТІНШІДЕН, визалық-көші-қон жүйесінің мәселесі.

Осы жылы «Атамекен» ҚР ҰКП ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында ҚР ҰҚК; ҚР ІІМ, ҚР КБМ және ҚР ИДМ бірлесіп жұмыс атқарды. Аздаған жақсару бар. Алайда онлайн тіркелу, визалық қолдауды рәсімлеу мәселелері әлі де шешілмеді.

Электронды виза беру бағытын қолға алу керектігін түсінікті, қазіргі таңда бір шешімге келу керек. Бұл жұмысты келесі аптадан бастап үдеткен абзал.

БЕСІНШІДЕНлогистиканы арзандату.

Қазақстан – өте үлкен мемлекет. Сырттан келушілер мен ішкі туризм үшін де авиахабарлама маңызды. Біздегі тарифтер тым қымбат. Еуропадан Бішкек пен Омскіге бару билеті Астана мен Алматыға келу бағасынан арзан. Сондықтан туристер бағасы тиімді жақты таңдайды.

Биыл Қазақстанда әуетасымалдаушыларының саны артты, оның ішінде лоукостерлер де бар. Мұнда ЭКПО көрмесін өткізген уаытта енгізілген Open Sky пилоттық жобасының рөлі жоғары болды. Көктемнен бастап Қазақстанға еуропалық Wizz Air (Астана-Будапешт) және польшалық LOT әуекомпаниясы (Варшамва-Астана) лоукостер келді.

Бірақ ҚР заңнамасында «лоукостер» деген түсінік жоқ. Әубилеттерін қайтарылмайтын тариф бойныша таратуға салынған тыйымды алып тастау керек, сондай-ақ бюджеті аз әуе тасымалына жүк тасымалдау нормасын қайта қарау қажет.

Осы нормаларды алу ғана онлайн-сауданы дамытудағы кедергілерді жояды. Бүгінде әуе билеттерін сататын отандық сайттар (Chocotravel.com, Aviata.kz, Biletix.kz және т.б.) қайтарылмайтын билет саты құқығын беретін шетелдік әуекомпанияларында билет сатуда қиындыққа ұшырып отыр.

Әуе билеттерінің тарифын азайту да әуежайлар арасындағы ауыртпалықты бөлуде мультимодальдікті енгізуге ықпал етер еді, яғни турист Астананың әуежайын емес, әуежай жиналымы айтарлықтай аз болатын Қарағанды немесе Көкшетау әуежайына ұшып келер еді. Ал бұл қалалардың әуежайынан Елордаға қарай шаттл-бастар  жүреді.

Мультимодальдықты енгізу Астана мен Алматыда туризмді дамытып қана қоймай, лоукостерлер ұшып келгенде өзге де қалаларды дамытуға ықпал етпек.

АЛТЫНШЫДАН, мемлекеттік қолдау шаралары мен нақты жобалар.

Туризмді басым сала ретінде ресми түрде танығанда корпоративті табыс салығын және жер салығын 10 мерзімге, сондай-ақ мүлік салығын 8 жыл төлеуден босату түрінде жеңілдіктер беру қарастырылар еді.

Индустрия және даму министрлігімен бірлескен жұмыс атқарылып отыр. Коммуникациялар және байланыс министрлігінің Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша және арнайы туризм саласы үшін инвестицияның төменгі көлемін анықтау бойынша қолдауы керек.

Бүгінде инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгеден астам, Туристік индустрияның дамуы шағын және орта бизнеске негізделген. Туризм үшін шектік белгіні 1 млрд теңгеге дейін азайтуды ұсынып отырмыз.

Бизнес-қоғамдастықпен және мемлекеттік органдармен бірге маман дайындау, гидтер мен субъектілер үшін ережені анықтау, ерекше қорғаудағы аумақты дамыту, медициналық және балалар туризмі секілді көптеген мәселелерге қатысты жұмыс жалғасын табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер