astana-view

ҚР жаңа Салық кодексі: құжат бизнес үшін қандай жаңашылдықтарды әзірледі

2018 жылғы 03 Қаңтар
11007 просмотров

1 қаңтардан бастап «Салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер туралы» кодекс күшіне енді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында құжаттағы бизнес үшін жаңашылдықтар жайында айтылды.

2018 жылдан 2025 жылға дейін еңбекақы қорының ауыртпалығын төмендету мақсатымен әлеуметтік салық 1,5%-ға азайды.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қолданыстағы әлеуметтік салық режімдері сақталды. Салық салу обьектісіне байланысты патент құнының салық мөлшерлемесі 2%-дан 1%-ға төмендетілді (сауда-саттық қызметін (2%) ескермегенде).

Арнайы салық режімдерінің шектері оңайлатылған мағлұмат негізінде санына (30 адам) және шектік табысқа (2044-еселенген ең төмен жалақы) байланысты қайта қарастырылды.

Орнына ҚҚС бойынша 70% жеңілдіктер (Халықаралық сауда ұйымына кіруге байланысты) ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілерге ҚҚС есептеуде өзгертулер бар.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қосымша бекітілген есептеу негізіндегі ерікті түрде жүргізілетін жаңа балама режім енгізілді. Жылдық шекті табыс – 300 млн теңге және жалдамалық жұиыскерлер саны – 50 адам. 30%-ын растайсыз есептеуге болады.

Шағын бизнестен ауыртпалықты алу мақсатында ҚҚС қолданыстағы көрсеткіші 30 000 АЕК (Айлық есеп көрсеткіші) сақтала береді.

2019 жылдан бастап ел ішінде тауар алуға байланысты ерікті негізде ҚҚС бақылау шотын енгізу арқылы дебеттік айырма қайтару механизмі қарастырылды.

Электрондық сатулардан алынған табыстар КТС (корпоративтік табыс салығы) мен ЖКС (жеке кіріс салығы) босатылады.

Сараптамалық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) бойынша кірістерді бөліп есептеу, жер салығы, СЭҚ барлығы бойынша мүліктік салық, әлеуметтік салық, «ПИТ» СЭҚ бойынша аумақтан тысқарылық режимі, еркін қойма аймағында өндірілген дайын өнім құрамындағы импортталған тауарларды ҚҚС-дан босату қағидаттары айқындалды.

Жер қойнауын пайдаланушылар КТС (корпоративтік табыс салығы) үлеспайдасынан және артық жұмыс жасау көрсеткіштерінде құннын өсуінен босатылады. 2018 жылдан бастап ол 35%, ал 2022 жылы ол көрсеткіш өңделген шикізаттың 70%-ын құрайды. Барлық келісімдер бойынша коммерциялық табылым бонустары жойылады.

Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын шолуға қажетті шығындарды өндіру басталған басқа келісім аясында өтеуге құқылы. Теңіздік және терең мұнай кен орындарына жер қойнауын пайдалану бойынша балама салық енгізілді. Көмір бойынша экспортқа үстеме пайдасынан рента салығына ауыртпалықты ауыстыру салығы жойылды. Өндірілген пайдалы қазбаларға салынатын салық 6%-дан 3%-ға өзгертілді.

Адал жұмыс жүргізу принципі енгізіліп, Салық кодексінің барлық түсінікті емес және нақты емес тұстары кәсіпкерлер мүддесіне түсіндірілетін болады.

2020 жылдан бастап тек шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылып, қалғандар үшін 5 жылдық мерзім өзгеріссіз қалды.

Егер кәсіпкер салық органының түсіндіргені бойынша әрекет етіп, нәтижесінже ұстаным өзгерген жағдайда айыппұл мен өсімпұлдарды жою бойынша ереже енгізілді.Жоспардан тыс салықтық тексерістер үшін негіздер азайды. 2020 жылдан бастап салық заңнамасына өзгерістер мен қосымшалар енгізу тек салық салу мәселесі бойынша мүмкін болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер