astana-view

Талдықорғанда сатып алудағы жергілікті құрам үлесі талқыланды

2018 жылғы 13 Ақпан
- Жетісу облысы
4732 просмотров

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының бірінші отырысы өтті

Жиын облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайқовтың төрағалығымен өтті.

Отырыс барысында Талдықорған қаласы және Қаратал ауданы әкімдіктерінің, құрылыс басқармасының сатып алу саласында кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары тыңдалды.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Қожабаев баяндамасында 2017 жылы облыс орталығында жалпы сомасы 7 млрд 123 млн теңге болатын 2 861 келісім-шарт орындалғанын айтты.

«Сатып алу порталында жергілікті құрам жөніндегі үлгі қате толтырылады немесе мүлдем толтырылмайды. Осының салдары жергілікті құрам жөніндегі есептің бұрмалануына әкеп соқтырады», - деді ол.

Қожабаевтың айтуынша, биыл Талдықорғанда 16,5 млрд теңгеге 2 491 сатып алу жоспарланған, оның ішінде жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асатын 137 сатып алу конкурс түрінде өтеді.

Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айбек Нұржанов сатып алудағы қазақстандық құрамның үлесі жоғары екенін жеткізді.

«2017 жылы денсаулық сақтау ісі саласында жергілікті бюджет есебінен 17 нысан іске қосылып, қазақстандық құрам үлесі 80%-ті құрады. Спорт саласында 3 нысан тапсырылған, қазақстандық құрам 75%, ішкі істер органдарында 90%, ауыл шаруашылығы саласында 90%, коммуналдық шаруашылық саласында 85%-ті құрады», - деді Айбек Нұржанов.

Сонымен бірге Нұржанов мемлекеттік мекеме белігілі бір жеткізушінің мүдделерін қолпаштауына жол бермеу қажеттігін айтты.

Әріптесінің сөзіне Жеңіс Тұяқов былай деп жауап қайтарды: «Біз нақты жеткізуші туралы айтып жатқан жоқпыз. Біз жалпы отандық өндірушілер, жүйе жөнінде сөз қозғап отырмыз. Қазір жыл басы, барлығын түзету қажет».

Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Асқат Қалиасқаров сатып алудағы жергілікті құрамның төмен болуына мемлекеттік сатып алу порталына жергілікті құрам туралы ақпаратты енгізу бойынша жұмыстың өз деңгейде жүргізілмейтінін алға тартты. Сондай-ақ ол отандық өндірушілерді қолдау мақсатында өткен жылы ауданда инвестфорум өтіп, нәтижесі бойынша меморандумға қол қойғанын жеткізді.

Отырыс барысында кәсіпкерлер әкімдікке заңбұзушылық фактілеріне назар аударуға шақырды. Баяндамалардың қорытындылары бойынша облыс әкімінің орынбасары аталмыш бұзушылықтарды жойып, көрсеткіштерді жақсарту бойынша шара қолдануды талап етті. 

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясы аясында облыстық Палата басшысы Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан сатып алу жүргізуді түбегейлі қайта қарау бойынша атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстырды. Нариман Әбілшайықов отырыста айтылған барлық фактілер «Атамекен» мен әкімдіктің жіті назарында болатынын атап айтты.

Осы саладағы прблемалық сұрақтарды тиімді шешу мақсатында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы және Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті арасында өзара түсіністік пен әріптестік жөнінде келісімге қол қойылды.

Айта кетейік, Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының отырыстарын Талдықорған қаласында апта сайын өткізіп, онда әкімдіктер мен салалық басқармалардың сатып алу саласы бойынша жұмыстарды тыңдау жоспарланған.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер