astana-view

ҚР ҰКП мен Үнді өнеркәсіптік конфедерациясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды

2014 жылғы 31 Наурыз
2514 просмотров

Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің қолдауымен әріптестік туралы меморандумның түзілуіне түрткі болған «Үнді-Қазақстан саудасы мен инвестициялық мүмкіндіктері» атты дөңгелек өтті.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, Үнді өнеркәсіптік конфедерациясы Үндістанның заңнамалық базасы, өнеркәсіптік, қаржы және экспорттық-импорттық саясатын құрудағы ықпалдастық құратын ұйым болып табылады.

Айта кету керек, аталмыш бірлестік елдің өнеркәсіптік компанияларын қамтып, оған 5 мыңнан астам мүше тіркелген және бірқатар шет елдік және Үндістанның ішкі өңірлік түрлі өкілдіктерінің басын біріктірген.

Сонымен қатар, шарада Қазақстан мен Үндістанның өзара әріптестік мәселелері талқыланып, экспортты ілгерілету, қос тараптың инвестициялық мүмкіндіктері, кәсіпкерлік қызметке Қазақстан Республикасы тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтылды. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер