astana-view

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіби білім алушылар үшін «Болашаққа» ұқсас бағдарлама құруды ұсынады

2014 жылғы 01 Сәуір
2672 просмотров

ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың пікірінше,  аталмыш бағдарлама колледж студенттерінің шет елдердегі оқу орындарында өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік бермек.

«Біз «Болашақ» бағдарламасына ұқсас  мемлекеттік білім беру бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз. ТжКБ мамандарының шетелде білім  алуын қарастыру қажет», – деді Нұржан Әлтаев.  

Ол сондай-ақ, кәсіби техникалық білім беретін бірқатар мемлекеттік оқу орындарын кәсіпорындардың сенімді басқаруына тапсыру қажет  дегенді айтты.

«Дуальдік білім беру жүйесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік колледждерді кәсіпорындардың сенімді басқаруына немесе шефтік қамқорлығына  беруді ұсынып отырмыз», – деп түсіндіріп кетті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары.

Нұржан Әлтаев кәсіби және техникалық білім беру туралы арнайы заң қабылдау қажет  деп санайды.

«Бүінгі күні  кәсіби-техникалық білім беру мәселелері  білім туралы заңмен реттеледі. Ол заң бойынша кейбір түсініктер айқын емес. Қазіргі заңнамалық актілерде «дуальдік білім беру» деген түсінік жоқ, сондықтан осы мәселелерді ретке келтіру қажет», – деп санайды Нұржан Әлтаев.

Дерекнамасы: nurotan.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер