Бизнесмендер Қытайдың импортқа арналған көрмесіне қатыса алады
2018 жылдың 5-10 қараша күндері Шанхай қаласында (ҚХР) Қытай импорт көрмесі өтеді. Аталған көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы жоспарланып отыр.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
1. Ұлттық сауда-инвестициялық көрмесі;
2. Бизнес-көрме;
3. Халықаралық сауда форумы.
Көрмеге еліміздің ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің қатысуы үшін 200 шаршы метр көлемінде стенд бөлінді.
Іскерлік іс-шараға қатысам деушілер сауалнаманы толтырып, оны 15 мамырға дейін z.kashayeva@palata.kz электронды мекенжайға жолдауы керек.
Қосымша ақпарат алу үшін: менеджер Қашаева Жұлдызға ж.т: 8 7172 27 96 16 (ішкі тел.214), ұ.т.: 8 701 555 86 53 хабарласуға болады.
Көрме жөніндегі толық ақпарат пен сауаланамны төменде келтірілген сілтемеден жүктеуге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: