astana-view

Қазақстан сауда-экономикалық миссиямен Ресейге барады

2018 жылғы 11 Мамыр
1714 просмотров

 22 мамыр күні ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «Новосибирск сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағымен бірлесіп, Новосибирск қаласында ресми сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырмақ.

Кездесу аясында әлеуметтік әріптестерді іздеуге арналған іскер байланыстар биржасы өтеді, сонымен қатар миссия қатысушылармен тікелей байланыс орнату, өңірлер арасында іскерлік қарым-қатынасті реттеу көзделмек. Қазақстандық компаниялар азық-түлік, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, электротехникалық жабдық, химиялық өнім салалары бойынша таныстрылады.

Іс-шара бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Новосибирск облысының ресми өкілдері және іскер қоғамдастық сауда-экономикалық қарым-қатынас, өзара тиімді ынтымақтастық, территорияның инвестициялық әлеуетін жүзеге асыру бойынша пікір алмасады деп күтілуде.  

 Өтетін күні мен орны: 22 мамыр, сағат: 09:00-13:00, Новосибирск қаласы, Каменская көшесі 7/1, «DoubleTree by Hilton» қонақ үйі, 2-қабат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер