5 маусым күні Қазақстан Санкт-Петербургке сауда-экономикалық миссиясымен барады
5 маусым күні Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатсы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Санкт-Петербург сауда-өндіріс палатасымен бірлесе отырып, Санкт-Петербург қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты әлеуетті серіктестерді іздеу, екі өңір ынтымақтастығын арттыру және қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті ресейлік сатып алушылардың кәсіби қарым-қатынасын дамыту.
Сауда-экономикалық миссия барысында отандық кәсіпорындардың ұсынысы негізінде қазақстандық мекемелер үшін ықтимал сатып алушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Айта кету керек, қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады.
Өтетін орны: Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі 46-48, Санкт-Петербург сауда-өндірістік палатасы ғимараты, 2-қабат
Пікір қалдыру:
Пікірлер: