Сауда-экономикалық миссия Ашхабадта
13-15 маусым аралығында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Түркіменстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Түркіменстан Сауда-өнеркәсіп палатасы, Өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағымен бірлесіп, Ашхабадта ресми сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тікелей байланыс орнату, Қазақстан кәсіпорындарымен және Түркіменстанның әлеуетті сатып алушылары арасында сауда қатынасын жандандыру.
Сауда миссиясының аясында кәсіпорындардың өтінімі бойынша Қазақстан кәсіпорындары үшін әлеуетті сатып алушылар таңдалады және екіжақты кездесулер ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін Қазақстанның машина жасау, фармацевтика, құрылыс, тағам және басқа да салаларынан 18 кәсіпорын тіркелді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: