astana-view

«Аралтұз» АҚ, «Масло-Дел» ЖШС, «KondiZ» ЖШС Новосибирьмен келісім жасады

2018 жылғы 06 Маусым
3494 просмотров

22 мамырда Новосибирьде Қазақстан ресми делегациясының сауда-экономикалық миссиясы өтті. Шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы «Новосибирь сауда-өнеркәсіп палатасы» одағымен бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған миссияның қорытындысында «Аралтұз» АҚ, «Масло-Дел» ЖШС, «KondiZ» ЖШС Новосибирь кәсіпкерлерімен келісімшарт жасады. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан өзге де әлеуетті жеткізушілер Новосибирьскпен болашақта орын алуы мүмкін ынтымақтастықты талқылауда.

Кездесуде В2В форматында іскерлік байланыс биржасы орын алды. Оған Қазақстанда азық-түлік, құрылыс материалы, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, электр техникасының жабдықтары, химиялық өнімдерді өндіретін 25 компания қатысты. Ресей тарапынан түрлі салада қызмет ететін 60-тан астам компаниялар болды.

Қазақстан Республикасының ресми өкілдері қатарына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің директоры Әлімжан Тоқтасынов, Қазақстан сыртқы сауда палатасының өкілі Ақеркін Ералиева және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі Қуаныш Мұқажанов кірді.

Новосибирь облысының атынан «Новосибирь сауда-өнеркәсіп палатасы» одағының президенті Сергей Алтухов, Новосибирь облысы Губернаторының әкімшілігі және Новосибирь облысы үкіметі халықаралық байланыс басқармасының басшысы Сергей Санников ресми өкіл ретінде қатысты.

Келіссөз нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Новосибирь облысының кәсіпкерлік қоғамдастығы арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға негіз болатын іскерлік байланыс орнады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер