astana-view

Кабул қаласына ресми сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылады

2018 жылғы 11 Маусым
3199 просмотров

17-18 маусым күндері Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі экспортты алға тарту шеңберінде Кабул қаласына (Ауғанстан) ресми сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырады.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – тікелей байланыстарды орнату, отандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынастарды дамыту, сондай-ақ елдер арасында тығыз іскер байланыстарды орнату болып табылады.

 Сауда миссиясы аясында кәсіпкерлердің өтініштері бойынша қазақстандық кәсіпорандар үшін әлеуетті сатып алушылардың іріктеуі және екіжақты кездесулер ұйымдастырылмақ.

 Осыған байланысты, аталған іс-шараға қатысамын деушілер 18 маусымға дейін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы төрағасы атына өтінім хатты және әрі В2В келіссөздерге қатысу үшін толтырылған сауалнаманы жіберуді сұраймыз. Сауда-экономикалық миссияға қатысу бойынша толық ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы білуге болады: Ибрагим Бекқалиев +77172279054(вн.221) i.bekkaliyev@atamken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер