astana-view

Павлодар кәсіпкерлері заңдағы түзетулер жарқын келешекке бастайтынына сенімді

2018 жылғы 11 Маусым
- Павлодар облысы
7967 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Blue star» ЖШС директоры Қобыланбек Қожин заңға енгізілетін өзгертулердің басты мақсаты – бизнес саласын қатаң шектеуден, мемлекеттік реттеу мен бақылаудан босату деп есептейді. Басты рөл құқық бұзғаны үшін ескерту беретін профилактикалық бақылау институтында.

«Өңірлік кеңестің мүшесі бола отырып бизнестің мәселесімен жақсы таныспын. Кеңес отырысында әрдайым кәсіпкерлердің қиындықтарын талқылаймыз. Сондықтан енгізілген өзгертулер – бизнес ортаға қажетті деп есептеймін. Осылайша бизнес ортадағы табыс көбейіп, жеке бизнесті енді қолға алғандар үшін жеңілдеу болады», - дейді Қобыланбек Қожин.

Мұнымен қоса, Қобланбек Қожиннің айтуынша, енгізілген түзетулерге биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 5 жыл толуы ерекше маңыз береді.

«Осы қысқа мерзімде Кәсіпкерлер палатасы бизнес мүддесін қорғайтын ұйымға айналды. Бизнес-ортаны жақсарту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Отандық кәсіпкерлікді реттеуті жетілдіруге қатысты түзету енгізу – Ұлттық палата сарапшылары жұмысының нәтижесі, себебі «Атамекен» заңды дайындауға тікелей қатысып отыр», – деп атап өтті Өңірлік кеңес мүшесі.

Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын 30%-ға дейін азайту көзделген. Қайталанғандықттан 114 саланы бақылаудың 20-сы алынып тасталды және тиімділігі жоқ болғандықтан кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 30 497 талаптың 17 654 талабы қысқарады. Мемлекеттік органдарың 544 бақылау-қадағалау функциясынан мемлекет пен тұтынушының сақталуына қауіп төндірумен байланысы жоқ  108 функция алынып тасталды.

Профилактикалық бақылау институты құқық бұзушылықты әкімшілік өтемақы берусіз жоюды қарастырады. Мұнымен қоса табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектордың қызметтері реттеледі. Бизнес салынатын жаппай шығын азаяды.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің жанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға сыртқы талдау жасау және бағалау арнайы мониторинг тобыны жетекшісі ретінде бизнес-ортадағы жағымды өзгерістерді барлық кәсіпкер сезінгеніне сенімдімін. Бұл «Атамекеннің» жүргізіп отырған жұмысының жемісі екені сөзсіз», – деп тұжырымдады Қобыланбек Қожин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер