astana-view

Цифрландыруды игеру: Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі таныстырылды

2018 жылғы 31 Шілде
5229 просмотров

 Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрі-дірмек қамтамасыз етудің ақпараттадыру жүйесі талқыланды

Астанада  «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитеті  өкілдеріне «СК-Фармация» ЖШС ақпараттық жүйелерін таныстырылымы өтті.

Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы денсаулық сақтау саласын цифрландыру, Міндетті әлеуемттік медициналық сақтандыруды енгізгенге дейін пациенттің электронды паспортын енгізу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.

 «Біз екі жүйені қолданып отырмыз. Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе» – логистикалық операциялар және қоймаларды бақсаруға арналады. Бұл жүйе шарттық міндеттерді орындаудың онлайн-мониторигін жүзеге асыру, дәрі-дәрмектерді сақтау мен тасымалдаудың қажетті талаптарын орындау және дәрі-дәрмектердің қалған сақтау мерзімін орындауға мүмкіндік береді. Екінші ақпараттық жүйе – «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі»  ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен  құрылған болатын. Аталған жүйені қолдану дәрігерлердің рецепттерін жергілікті жерде алып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді, әрі амбулаториялық-емханалық және дәріханалық ұйымдармен қамтамасыз ететін медициналық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдетеді», – деді «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп.

Кездесу қатысушылары өңірлер және медициналық мекемелер кескінінде дәрі-дәрмектерді рецептер бойынша беру және дәрілік заттарды тұтыну есебін жүргізу жайында өз ұсыныстарын білдірді.

«Дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі бойынша сall-орталықты белсенді қызмет көрсетуге ауыстыру керек. Бүгінгі таңда оған цифрландыру арқылы қол жеткіземіз», – деп санайды Палата өкілдері.  

«Емхана жанынан жұмыс істейтін дәріханада қажетті дәрілер болмаған жағдайда пациенттің кез-келген басқа дәріханада бұл дәрі-дәрмекті ақысыз алу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Осындай мүмкіндік дәрілік заттарға қол жеткізуді жоғарылатады. Ал бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қаражат ағымдары мен халыққа таратылған дәрі-дәрмек көлемін басқарып отыруға болады. Дәл осындай процедураны медициналық көмекке мұқтаж жандарға да қолдану қажет. Мәселен, егер адам іссапарда жүрсе және шұғыл дәрігер көмегі керек болса, ақапараттық жүйені қолдану тиімді. Осы ретте науқас туралы ақпарат Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына түседі де, Қор науқасқа жасалған медициналық қызмет құнын төлейді, яғни мұнда «ақша науқасқа қызмет етеді» принципы орындалады», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

 Бизнес-қоғамдастық өкілдері дәрігер үшін қолданыстағы электронды рецептерді беру ұзақ әрі тиімсіз процесс екенін атап өтті.

 Ақпараттық жүйені әзірлеушілер кәсіпкерлер айтқан екертпемен келісіп, олқылықтың орнын толтыруға сөз берді.

 «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп 2018 жылдың аяғына дейін басқарудың тиімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз ететін  ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізу жоспарланғанын мәлімдеді.

 Юлия Якупбаева, өз кезегінде, денсаулық саласында, оның ішінде дәрі-дәрмектермен қамтуда жасалып жатқан цифрландыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. 

«Цифрландыру денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы, қаражат ағымдарының ашықтығын жоғарылату үшін қажет. Жүйе басқару шешімдерін қабылдауды жеңілдетеді және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады», – деді Юлия Якупбаева.

  Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті дәріханалар мен емханалар деңгейінде өңірлерге барып, ақпараттық жүйелердің жұмысын тәжірибе жүзінде сынап көру туралы шешім қабылданды.

 

Анықтама үшін:

Биыл маусым айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында 6 бағыт бойынша Жол каратасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Жобалық іс-шаралардың бірі – «Денсаулық сақтауда цифрландырумен қамтамасыз ету» бар, бұл жоба аясында өңірлердегі медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерінің жұмысымен визуалды танысу және науқастың электрондық төл құжатын енгізу мониторингін жүргізу қарастырылған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер