astana-view

5 жылда кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары 3 млрд 359 млн теңгеге қорғалған.

2018 жылғы 10 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
6692 просмотров

Оң шешілген өтінімдердің басым бөлігі Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде қаралған. Түйткілді мәселелерді шешуде төтенше шараларды қолдану болып тұрады, ұл өз кезегінде уақытты және ақшаны үнемдеуге, жағдайға жылдам жауап беруге, қысқа мерзімде қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал «Машенова Т.С.» жеке кәсіпкерлігіне қатысты істі сот арқылы шешуге тура келді.

Тасболат Машеновтың өтініші Палатаға өткен жылы күзде түскен. Онда Орал қаласы әкімдігінің жер комиссиясы отырысында жер учаскесін рәсімдеудегі әкімшілік кедерегілер туралы айтылған. Ал Жер қатынастары бөлімі бұл жер учаскесі әуе түсірілімі кезінде басқа учаскіге тиесілі екенін алға тартуда.

Орын алған жайтты талқылау барысында Өкілетті мемлекеттік органдар мен Тасболат Машенов жер учаскесінің кескіндемесін ауыстыру туралы ортақ шешімге келеді.

 Алайда бұл мәселеге нүкте қою ерте болып шықты. Кәсіпкер өкілетті оргнадардан барлық рұқсат алу кезеңдерден өтті, бірақ Орал қаласы әкімдігінің 02.02.2018 жылғы № 233 қаулысымен кәсіпкерге қаланың басқа мақсаттарына «таршылық» болуы себептен  жер учаскесін берілмейтін болды.

 Биылғы жылдың ақпан айында Тасболат Машеновтың өтінішін екінші рет Кеңес қарауына берілді. Талқылау қорытындысы бойынша бұл іс облыстық прокуратураға жіберіліп, қала әкімдігінің қаулысы дұрыстығын тексеру сұралды. Сәуір айында Тосболат Машенов БҚО әкімі Алтан Кулгіновтың қабылдауында жазылды. Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға мән-жайды тексеруді тапсырды.

 «Тасболат Машеновтың ісін біз сотта сүйемелдедік. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен Орал қаласының әкімдігі бұл шешімге Батыс Қазақстан облыстық сотының Апелляциялық кеңесіне шағымданғанына қарамастан, біздің талаптарымыз толығымен қанағаттандырылды.  Шешім өзгеріссіз қалды. Біз сотқа жеткізбеудің түрлі шараларын қолдандық, мәселені шешуге тырыстық, қала және облыс әкімдігіне жүгіндік. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдардың позициясын ескере отырып, сотқа жүгінуге тура келді», – деді ӨКП директорының Құқықтық сұрақтар бойынша орынбасары  Нұржан Мақсотов.

 Былтыр бизнесті қорғау бойынша жүзден астам өтінім түсті. Оның 40%-тан астамы оң шешілді. Кәсіпкерлердің 35 млн теңге көлемінде мүліктік құқықтары қорғалды. 2018 жылдың 5 айында бұл сома 113 млн теңгеден асып түсті. Жасалған талдау нәтижесі көрсеткендей, кәсіпкерлердің пайдасына шешілген өтінімдер саны жылдан жылға артып келеді.

 Қызметтің бес жылдығын саралай келе Батыс Қазақстан обылысы Кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнес құқығын қорғау, басқа да қызметте айтарлықтай нәтиже барын айтты. Егер сандарды сөйлететін болсақ, алғашқы бесжылдықта батыс қазақстандықтардың мүліктік құқықтары 3 млрд 359 млн қорғалған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер