astana-view

Полицейлер кәсіпкерлерді кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі сатуға арандатқан

2018 жылғы 24 Қазан
7759 просмотров

Қарағандыда кәсіпкерлер полиция қызметкерлерінің әкімшілік істерді ашу бойынша артық әрекеттерін әшкереледі.

Кәсіпкерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдерді пайдаланып, алкогольді сусын темекі өнімдерін сатып алуға жұмсайды, артынша сатушыларға айыппұл салады. Тәртіп сақтаушылар кейбір мектеп оқушыларын мұндай рейдке бірнеше рет тартады екен.

 «Бұл не, озық әдістер ме сондай? Иә, мойындаймыз, кәмелетке толмаған жастарға сату фактілері бар және сатушыларымыздың осылай істеуін құптамаймыз. Алайда учаскелік полицейлер дүкенге ұзын бойлы, өз жасынан үлкен көрінетін кәмелетке толмағандарды әдейі жіберіп, сауда жасатады да артынша бізге айыппұл салады», – деді кәсіпкер Тілеукен Оралбаев.

Осындай әрекеттерге тап болған кәсіпкерлер Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Палата заңгерлері осы жағдайда полиция қызметкерлерінің әрекеті заңға қарсы деп санайды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 16-бабын бұзып, полизия қызметкерлері арандатушылық әрекет жасап отыр. Мұның бәрі қызмет бойынша жалған тәртіпті көрсету және жасанды көрсеткіштерді қамтамасыз ету үшін жасалады. Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет саясатының негізгі қаиғадалары мен Этикалық кодекске қайшы», – деді Қарағанды ӨКП заңгері Юлия Олейник. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандары мұндай мәселе әлде қайда кең әрі олар қарағандылық бизнеске ғана тән емес екенін айтты. ҚР Кәсіпкерлік кодексі мұндай тексерулерге  артықшылық жасайды  (ҚР КК 140 бабы 3 тармағының 16 тармақшасы). Бұл дегеніміз полициялық тексерулер прокуратура органдарында тіркелмейді, сондықтан олардың саны мен нәтижелері туралы шынайы ақпарат жоқ. Осыған байланысты, тұрақты негізде мұндай тексерулердің заңдылығына және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау механизмінің болмауына байланысты мәселе туындайды.

«Бұл мәселені біз прокуратура органымен  егжей-тегжейлі талқылап, 2019 жылға арналған  Жол картасына қоспақпыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры-басқарушы директор Ербол Өстеміров.

 Осы ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында 18 және 21 жасқа дейінгі адамдарға сәйкесінше алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салатыны анық көрсетілген. Ал сатып алушылардың түр-келбеті қандай болуы керек жайында жазылмаған. Осыған байланысты Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы сатушыларға адамның жасына байланысты күмән туатын болса, төлқұжат талап етуге кеңес береді.

фото: kafanews.com

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер