astana-view

«Кәсіпкердің жеке кабинеті» жобасы елордалық бизнес өкілдеріне таныстырылды

2018 жылғы 07 Қараша
17686 просмотров

«Кәсіпкердің жеке кабинеті»- бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінен кез-келген кәсіпкер өзіне керекті мәліметті cabinet.atameken.kz сілтемесі арқылы кіріп, алуына болады.

«Атамекеннің» баспасөз орталығында өткен «Кәсіпкердің жеке кабинеті» жобасының таныстырылымында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Аспена Досмағанова  Астана қаласының кәсіпкерлеріне жаңа сервистің мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.

«Бүгінгі таңда «Жеке кабинет» қызметін 300-ге жуық кәсіпкер пайдаланады. Күн сайын пайдаланушылар саны өсуде, олардан келіп түскен ұсыныс-пікірлерді таразылап,  орынды ұсыныстарға қолдау білдіреміз. Біздің міндетіміз- отандық кәсіпкерлікті қолдау және көмек көрсету», - деді Аспена Досмағанова.

Бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінен кәсіпкерлер қандай өтінімдерге қол жеткізе алады? Қызмет түрін басқа өңірлердегі кәсіпкерлер пайдалануына шектеу жоқ па? Ақпараттар базасының мәліметтерін пайдалану қаншалықты қауіпсіз? «Бастау» курсына онлайн қосылу мүмкіндігі бар ма? және т.б сауалдарды елордалық кәсіпкерлер толассыз қойды.

«Құжаттар конструкторы» -100 құжат үлгісі тегін!

Жеке кабинет арқылы кәсіпкерлер «Құжаттар конструкторынан» құжаттар үлгісімен танысып, жұмыс барысында қолданады. Кәсіпкерге  келісім шарт жасау, сатып алу-сату немесе жалға алу, орындалған жұмыстардың актілерін дайындау үшін заңгерді жалдау керек емес. Олар кез келген жағдай үшін заң тілінде сауатты жазылған 100 құжат үлгісін ашып, жүктеуіне мүмкіндік туып отыр. 

Сонымен қатар, Аспена Досмағанова «Атамекеннің» биылғы жылы қыркүйекте іске қосылған «Жедел көмек» жобасына кәсіпкерлер ғана емес қоғам тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын айтты.

««Бизнесті құтқару қызметі» жобасы Астанадағы арнайы шағын және шағын бизнес үшін пилоттық режимде іске қосылған. 1432 нөміріне қоңырау соғып, кәсіпкерлер жедел кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады»,- деді спикер. 

Мобильдік топтың құрамында – «Атамекен» ҚР ҰКП, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІД және Астана қаласы ТЖД қызметкерлері бар. «Бизнесті құтқару қызметі» күн сайын 9-дан 22-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, турагенттіктер, киім тігу және жөндеу), қызмет көрсету (тамақ жеткізу, сауда) саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ жөндеу және монтаждау жұмыстарының кез келген түрлерін жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.

«Кәсіпкелік бастамалар»- бизнес өрісін кеңейтеді

Бұл қызмет арқылы кәсіпкер заң бойынша өз ұсыныстарын кең талқылауға және дауыс беру алаңына шығарады. Егер сіздің бастамаңызға көпшілік қолдау көрсетсе - «Атамекен» оларды мемлекеттік органдардың назарына ұсынады. 

 «Адалдықты тексеру» сервисінің міндеті қандай?

Өзінің жеткізушісі (іскер серіктесі) туралы бәрін білгісі келетіндерге арналған сервис. Бұл кәсіпкерлердің бірыңғай базасы, ол сіз ынтымақтасуға ниетті фирманың қаншалықты тұрақты екенін анықтауға көмектеседі.

«Digital КҚКО» қосымшасы бойынша-61 қызмет тегін көрсетіледі

Мұнда сіз салық, бухгалтерлік, кедендік мәселелер бойынша толық кеңес ала аласыз – барлығы 61 қызмет тегін онлайн. Мұнда өзекті тақырыптарға арналған оқыту курстарынан өтуге болады.

«Сатып алудың бірыңғай терезесі»- сатып алуды жеңілдететін қызмет түрі

Сізге мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың барлық сатып алу алаңдары кеңінен ашылады. Тендерге қатысу үшін түрлі дереккөздерде ақпаратты іздеудің қажеті жоқ. Бір минут ішінде белгілі бір тауардың, жұмыстың немесе қызметтің орташа сатып алу бағасы бойынша ақпаратты білуқиын емес.

«Бизнеске көмек» қосымшасы арқылы бизнес-үдерістерді толығымен автоматтандыруға көмектесетін сервистерді табасыз

Сіз әрқашан қосымшада қанша тауарлар сақталатынын біліп, алыстан сіздің барлық сатылымдарыңыз мен қызметкерлердің іс-әрекеттерін бақылай аласыз. Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырып, жөнелте аласыз.  Ал қараша айының екінші онкүндігінде онлайн кассалық аппараттарды тегін пайдалануға болады. Бұл екі сервистің тұсаукесері қараша айында Ұлттық палатада өтеді (толығырақ ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 919-331).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер