Тимур Құлыбаев Тәуелсіздік күніне орай кәсіпкерлер мен спортшыларды құттықтады
Тәуелсіздік күніне орай бизнес, мұнай - газ секторы мен энергетика саласының өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушылар жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.
«Парасат», «Құрмет», «Достық», «Еңбек Даңқы» ордендері, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Астана 20 жыл» медальдары, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар озаттарға тапсырылды.
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Тәуелсіздік – бұл әрбір қазақстандықтың жүрегінде, ал марапаттар – Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан үлесі үшін берілген лайықты баға екенін айтты.
«Жиырма жеті жыл бұрын Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашылды. Әрине, біз тек қана алғашқы қадамдар жасап келеміз, қателіктерімізден сабақ алып, қиындықтарды еңсердік, бірақ, жалпы алғанда, үдерістің серпін алғандығы, кәсіпкерлік экономикада да, адамдардың санасында да терең тамыр жайды. «Атамекен» елдегі кәсіпкерліктің кедергісіз дамуына, жастарымыздың кәсіпкерлікпен айналысуына барлық күш-жігерін жұмсайды. Бүгінде 37 адам адал еңбегінің жемісін, жеңісін, мақсаткерлігімен және күш – жігерімен мемлекеттік марапаттарға ие болды - бұл әрқайсыңыздың экономикаға және елдің өркендеуіне қосқан үлесіңіздің жоғары бағасы», - деді Тимур Құлыбаев.
Төралқа Төрағасы мұнай-газ саласының өкілдерін құттықтай отырып, ол дәл осы сектордың ел экономикасының локомотиві екенін және солай болып қала беретінін айрықша атап өтті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің ондығына кіре алды.
«Бұл кәсіби ұжымдар мен жекелеген қызметкерлердің үлкен жетістігі», - деді Тимур Құлыбаев.
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылардың Қазақстанның әлемдік аренадағы орнына қосқан үлесінің өлшеусіз екендігін айта келе:
«Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық ұлттық құрама командалар халықаралық деңгейдегі жарыстарда: олимпиада ойындарында, Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарында еліміздің намысын қорғап келеді. Барлық маңызды жарыстарда Қазақстан өте жоғары нәтиже көрсетуде. Бізде тек 18 млн адам тұрғанына қарамастан, біздің республикамыз әлемнің алдыңғы қатарлы 30 спорт елінің қатарына ендік. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің жетістігі. Біз Қазақстанның спорттық алпауыт мемлекет екенін дәлелдедік. Спортшыларға кезекті жеңіс сәтінде әрбір қазақстандықтың жүрегін толқытатын мақтаныш сыйлағаны үшін рахмет айтамын», - деді.
Марапат иелері кімдер?
Упушев Ерлан Елемесұлы- «Майкубен вест» ЖШС Бас директоры, «Шұбаркөл Премиум» АҚ
Шоқпытов Андар Мәулешұлы - «KMG Drilling & Services» ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы
Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы- Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы
Даирбеков Мүслімбай - «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ Атқарушы комитетінің мүшесі
Абдрасилов Бақытжан Зульпухарұлы- «Meat Processing and Service» ЖШС Бақылау кеңесінің басшысы
Аққайсиева Айзада Үмбетқызы - «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының қаржы директоры
Балфанбаев Алан Борисович- «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ су добынан әйелдер ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы
Галышева Юлия Евгеньевна-фристайл-могулудан ұлттық құрама командасының нұсқаушы-спортшысы
Рамазанов Елдос Мұратұлы - « Атамекен «ҚР ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары
Жагипашев Сәрсенбай Уапұлы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы техникалық директорының орынбасары.
Круглыхина Елена Анатольевна-фристайл-могулдан ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ
Құрманбай Марат Серікжанұлы - «Ақшың» корпорациясы» ЖШС президенті
Максимов Амангелді Шүкенұлы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының атқарушы кеңесшісі
Радостовец Виктор Владимирович - «ҚР аудиторлар палатасы» ҚАҚ-ның даулар жөніндегі комитетінің төрағасы, «Центраудит-Қазақстан» ҰАҚ» ЖШС директоры
Сағдиева Раушан Махтайқызы - «Кипрос» ЖШС Бас директоры
Сарсенова Айман Оңласбекқызы - «Медикер Алатау» ЖШС бас дәрігері
Сырғабекова Әсия Нарыманқызы - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры
Тұрысбеков Асқар Зауытбекұлы - «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС бірінші вице-президенті
Хавлахат Болат - «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ спорт дирекциясы директорының орынбасары
Цзян Ши - «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС президенті
Цхай Яков Андреевич - «Достар компаниясы» ЖШС президенті
Байсегизов Мұханбедин Ескуатұлы - «ҚазТрансОйл» АҚ «Қаражанбас» станциясының құбыржолшысы
Бельский Сергей Петрович - «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры басқармасының слесары
Жұмашев Бектенғали Нәбиоллаұлы- «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы мұнай құбыры басқармасының машинисі
Абдуғалиев Әнуар Молдағалиұлы - «KEGOC» АҚ Ақпараттық-телекоммуникациялық кешен және трансформация жөніндегі басқарушы директоры
Белоногова Анна Георгиевна - «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ академиялық есуден ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы
Дали Даниэль - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» компаниясының жетекші маманы
Каюпов Дархан - «Южавтотранс» Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
Котович Валерий Николаевич - «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама департаментінің сарапшысы
Курышов Валерий Михайлович - «Kst trade» ЖШС директорының орынбасары
Музафарова Зульфия Шафхатовна - «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» компаниясының бөлім бастығы
Ткачук Александр Петрович - «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ шаңғы жарысы бойынша ұлттық құрама командасының бастығы
Укуманов Рустам Маратұлы-су добынан ҚР штаттық құрама командасының нұсқаушы-спортшысы
Хайруллина Лилия Маратқызы - «Фирма Родник» ЖШС директоры
Хачатрян Артур Санасарович - «Дорпласт-инвест» өндірістік компаниясы» ЖШС директоры
Әбдікәрімова Салтанат Жақсылыққызы- Басқарушы директор - «Атамекен» ҚР ҰКП базалық салалар және экология департаменті директорының орынбасары
Қасымов Ғани Есенгелдіұлы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қайраткері
Мамашева Дина Талғатқызы- «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілендіру департаментінің басқарушы директоры
Хұсайынова Салтанат Бақытжанқызы- ҚР Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің баспасөз хатшысы
Қабжанов Рүстем Хайроллаұлы - мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі атқарушы директор
Аханова Салтанат Музарафқызы- төраға орынбасары - «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма мүшесі
Бахмутова Елена Леонидовна-Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы
Әшімов Төлеген Мұқатайұлы - «Аспап» өндірістік кооперативінің төрағасы
Веймер Альбина Фридриховна - «Золотой караван» Турорталығы ЖШС директоры
Якупбаева Юлия Константиновна – Басқарма мүшесі - «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары
Қосуақов Айбек Қосуақұлы- «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС директоры
Сарсенғалиев Самат Амангелдіұлы- «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» компаниясының менеджері
Пікір қалдыру:
Пікірлер: