astana-view

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы аудандарды аралауда

2014 жылғы 08 Сәуір
2997 просмотров

Ақтөбедегі аймақтық кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар ауданындағы ауылшаруашылық саласының дамуына баса назар аудармақшы, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қандыағаш қаласында өткен алқа мәжілісінде Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов пен палатаның өңірдегі басшысы Төлеміс Шотанов осындай келісімге келді. 

Мұғалжар – Ақтөбе облысындағы ірі әрі индустриалды дамыған ауданның бірі болып саналады. 70 мың тұрғыны бар өлкенің экономикасы да жыл санап артып келеді. Өткен жылдың өзінде өндірістік өнім көлемі 416 миллиард теңгеден асқан. 3,5 млн. тонна мұнай мен 2,2 млрд. текше метр газ өнідіріліпті. 

Ақтөбе облысы бойынша соңғы төрт жылда Қазақстанның индустриаландыру картасына енген 76 жобасының 11-і осы Мұғалжар ауданында жүзеге асырылған. Ірі компаниялардан өзге 3684 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Дегенмен, ауылшаруашылығы саласының қарқыны әлі де болса бәсең. 

«Бүгінгі күні ауылдағы кәсіпкрлерге де көңіл бөлу қажет. Себебі елімізде халықтың жартысы осы ауылдарда тұрады. Сондықтан жұмыс күші де жеткілікті және отбасылық бизнес ашуға қолайлы. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылшауаршылық саласына да көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Бірақ одан ауыл тұрғындары бейхабар қалып жатады. Сондықтан біз аудан басшыларымен арадағы осы келісім бойынша уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етіп отыратын боламыз», - дейді Ақтөбедегі аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов. 

Қандыағаштық кәсіпкерлердің көбісі бизнес ашуға бос жер учаскелері жоқтығын айтып отыр. Бұл мәселені шешу үшін қолдау көрсетуге аудан басшысы уәде берді.  

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер