astana-view

ҰКП АЭФ аясында «ЕурАзЭК жолында» атты ЕЭК-тің бизнес диалогының Іскерлік конгресін өткізеді

2014 жылғы 08 Сәуір
2891 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы VII Астана Экономикалық Форумының IIДағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы аясында «Еуразиялық Экономикалық Кеңістік жолында» атты Еуразия экономикалық кеңесінің бизнес диалогының Іскерлік конгресін өткізеді.

Сессия замануи дүниедегі интеграциялық дамуының күн тәртібіндегі аспектілеріне арналады, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы.

КО пен ЕЭК мүше мемлекеттердің өзара саудаларының даму бағыттарын, осы саладағы күн тәртібіндегі мәселелер мен оның шешу жолдары, соның ішінде КО пен ЕЭК аумағындағы кәсіпкерлік қызметтерді енгізу шарттарына Еуразиялық экономикалық кеңістік шешімдерінің жобасын реттейтін құралдарды енгізу мәселелерін талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық кеңеске енуден күтілетін және әлемдегі негізгі интеграциялық процестер бойынша ой бөлісілмек.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында 21-23 мамыр аралығында VII Астана Экономикалық Форумының II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы жоспарланған. Жыл сайын Форумға 130 елден 10 мыңдай делегат қатысады, соның ішінде Мемлекет және Үкімет басшылары, атақты саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мен іскерлік корпорация жетекшілері және оқымыстылар мен Нобель сыйлығы иегерлері қатысады.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер