astana-view

Тек заң аясындағы бизнес қамқорлыққа алынуы тиіс - Бас прокуратура

2014 жылғы 08 Сәуір
2596 просмотров

Тек заң аясындағы бизнес қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиында мәлім етті.

«Шағын және орта бизнес тексерістеріне мораторий жарияланғанымен ол кәсіпкерлерден адал жұмысты талап етеді. Елбасының, жалпы мемлекеттің мұндай үлкен қамқорлығынан кейін кәсіпкерлер құқықбұзушылық пен қылмыстардың санын едәуір азайту сынды істерімен жауап берулері тиіс», - деп атап өтті А.Кравченко Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен болған бейнеконференцияда.

Оның айтуынша, мораторийді өздерінің арам пиғылдарына пайдаланып кететін кәсіпкерлердің іс-әрекеттеріне тосқауыл қоятын жағдай жасау қажет.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы мәселеге мән беріп, кәсіпкерлермен аталмыш тақырыпты талқылап отырғаны өте маңызды. Қамқорлыққа тек заң аясында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлік алынуы тиіс», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер