astana-view

Жерді мақсатты пайдалану мәселесін реттеу керек

2014 жылғы 08 Сәуір
2523 просмотров

Әйтпесе іс насырға шауып, жылжымайтын мүлік иесі мен жер қатынастары басқармасы арасында түсініспеушілік туындайды.

Бас прокуратурада өткен кездесуде осындай мысалдар келтірілді. Басқосуға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Бас прокуратура басшылығы қатысып, өңірлік өкілдіктер бейне конференция арқылы байланысқа шықты. Белгілі болғандай жер телімін қолдану мақсатын өзгертуге келгенде заңнамалық дәрежеде құқықтық қарым-қатынас реттелмеген. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлыққа әкеледі. Жергілікті атқарушы органдар осы ретте өз қызметтерін асыра пайдаланған жағдайлар да кездескен.

Ғани Қасымов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы:

- Мысалы, Астана қаласының құрылыс жобасында кәсіпкер үшін жерді қолдану мақсатын өзгертуге шектеу қойылған. Тіпті жер кодексінде қарастырылмаған қосымша шектеу тағы бар. Осы ретте қарама-қайшылық туындайды. Сондықтан біз Бас прокуратура өкілдерінің алдында осы мәселені шешіп алмасақ, ауыл-ауыл, жер-жерлерде осындай жағдайға ұрынатындар саны артатын болады.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер