astana-view

Ақтөбелік кәсіпкерлердің жолын бөгейтін басты кедергі – әкімшілік қысым

2014 жылғы 08 Сәуір
2377 просмотров

Бизнес өкілдерінің ұсыныс-арыздары ұзақ қаралады, негізсіз кері қайтарылады.

Жоспардан тыс тексерулер де жұмысқа кедергі. Кәсіпкерлік туралы заңның толық сақталмауы салдарынан бизнестік құрылымдар жұмысы тоқталып қалады. Осындай мәселелер Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік палатасы жанындағы қоғамдық қабылдауда айтылды. Қадағалаушы органдармен бірлескен қабылдауда келушілерге құқықтық кеңестер берілді. Ал ауыл-аймақтардағы кәсіп иелерінің облыс орталығына келуі міндетті емес. Кәсіпкерлік палатасының филиалдары 12 ауданда және Ембі қаласында ашылған.

Төлеміс Шотанов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Негізгі мәселелердің бірі – жер қатынастары. Кез келген кәсіпкер жер алғысы келеді, бірақ ала алмайды. Немесе жердің статусын өзгерткісі келеді, ол да қолдан келмейді. Осындай мәселелерді қараймыз.

Нұрбек Айтжанов, Мұғалжар ауданы прокурорының көмекшісі:

- Жыл басынан бері 8 хабарлама түсті. Аудан прокуратурасымен бірлесе отырып барлығына тексерулер жүргізді. Әкімшілік өндіріске алынып, сотқа жолданып, 50 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды.   

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер