Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі туралы ақпарат тұтынушыларға ашық берілуі керек – Евгений Больгерт
«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында тариф белгілеу механизмінің ашықтығы мәселелері Тарифтер жөніндегі кеңес отырысында талқыланды
Цифрландыру арқылы табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көтеріп отырған өзекті мәселелердің бірі.
Осыған байланысты Тарифтер жөніндегі кеңестің отырысында табиғи монополиялар субъектілерінің және әлеуметтік маңызы бар нарықтар – «Монополист» базасының ақпарат, хабарлама және есептілігі электронды деректер базасының жұмыс істеуінің проблемалық мәселелері айтылды.
«Монополист» базасы табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін беру процесін автоматтандыру мақсатында құрылған, өйткені заңнама талаптарына сәйкес тарифті бекітуге өтінім электронды формада беріледі, деп түсіндірді Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандары.
Базаның табиғи монополиялар субъектiсiнiң қызметiн қадағалаудың ашық механизмін қалыптастыруда және оның тарифтерiн айқындаудағы әлеуетін ескере отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Монополист» базасын қолдануды қолдады, бірақ базаны жетілдіруді ұсынды. Атап айтқанда, базаны қолдану бойынша жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Атамекен» базада табиғи монополиялар субъектілері, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындауы және табиғи монополиялар субъектісі қызметі есебін, сонымен қатар жария тыңдалымдарды өткізу бойынша ақпаратты жариялауды ұсынды.
«Біз Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін «Монополист» базасы жұмысының шеңберінде ұсыныстарымызды ескерулерін сұраймыз. Ұсыныстар Базаны әзірлеудің бастапқы міндеттерінен кеңірек екенін түсінеміз, алайда бұл табиғи монополиялар субъектілері жұмысын оңтайландырып қана қоймай, сонымен қатар тарифтерді қалыптастыру үдерісін түсінікті етіп, тұтынушылар қаражатын шығындаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Монопоистер қызметінің ашықтығы – Комитет үшін де, ҰКП Тарифтер жөніндегі кеңесі үшін де бірінші кезектегі мәселе деп санаймын», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.
Өз кезегінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері «Монополист» базасын жетілдіруде ҰКП ұсыныстары ескерілетінін жеткізді. Бұдан бөлек «Атамекен» алаңында монополистерге арналған базаны қолдану бойынша түсіндірме семинарларын бағдараламаны әзірлеушілері – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын тартумен өткізуді ұсынды.
Күн тәртібі шеңберінде тәулік ширектері бойынша электр энергиясына әртараптандырылған тарифтер бойынша даулы мәселелер қаралды. Бұл мәселе 2017-2018 жылдар аралығында түрлі деңгейде, оның ішінде Ұлттық палата алаңында көтерілген болатын.
Өкілетті мемлекеттік органдар энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді тәулік бөліктері бойынша саралау тәртібін қолданудың орынсыз екендігін атап өтті. Бұл тәртіп энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарын өсіріп, электр энергиясына тарифтердің қосымша өсуіне әкелді. Осы ретте белгілі бір қызмет түрлерімен айналысып жатқан, объективті себептер бойынша электр энергиясын көп пайдалануға мәжбүр (машина жасау кәсіпорындары, жылыжай кешендері) әрі өз тұтынуын реттеп отырған кәсіпкерлер тарифтерді әртараптандыруды қайтару қажеттігі бойынша позицияны ұстанып отыр.
«Электр энергиясына тәулік ширектері бойынша әртараптандырылған тарифтерді алып тастау – бұл электр энергиясын үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша мемлекеттік саясаттан пайда өндіріп алу», – деді «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастықтың президенті Петр Своик.
Бизнес-қоғамдастық әртараптандырылған тарифті қайтаруға қатысты ұсынысты қолдады және тарифтер бойынша төлемдерді таңдауды ерікті құқыққа дауыс берді. «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры Жетпісбай Едігеновтың айтуынша, оның кәсіпорны әртараптандырылған тариф алынып тасталған соң электр энергиясы үшін 12%-ға артық төлей бастаған.
Өз кезегінде ҚР Энергетика министрлігі Электр энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары Айдос Дәрібаев әртараптандырылған тарифтер жүктеулік кестесін оңтайландыру, жаппай тұтыну сағаттарында кернеулікті азайту, тұтынушыларды энергияны үнемдеуге ынталандыру мақсатында енгізілгенін айтты.
«Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тәулік ширектері бойынша электр энергиясын пайдалану өзгерісіне талдау жүргізді, сонымен құатар бұл мәселемен ҚР Энергетика министрлігі айналысқан. Бұдан бөлек, жүйелі оператор – «KEGOC» АҚ ақпараты бойынша 2009-2016 жылдар аралығында электр энергияны пайдалану кестесі көрсеткіштерінің өзгеруі диапазоны шамамен бір деңгейде болған», – деді Айдос Дәрібаев.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Михаил Гамбургер ҚР Энергетика министрлігін қолдап, әртараптандырылған тарифті енгізуді есепке алумен соңғы 6 жылда тәуліктік график бейіні өзгермегенін айтты.
Әртараптандырылған тарифтердің нәтижесін энергиямен қамту ұйымдары ғана көрмей отыр, деп атап өтті Петр Своик.
«Нәтижелер бар және бизнес пен тұтынушы әртараптандырылған тарифтердің пайдасын байқап отыр. Барлық түйткіл энергиямен жабдықтау ұйымдарға келіп тіреледі. Энергиямен жабдықтау ұйымдардың екі ставкалы тарифтен бас тартуы – электр станцияларының сатып алу тарифтерінің әртараптануы болмауы себепті олардың осындай әртараптандыруға қызығушылық танытпауын көрсетеді», – деді Петр Своик.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт бизнестің әртараптандырылған тарифтерге қатысты ұстанымын анықтау үшін Отын-энергетика кешенінің тұжырымдамасын дайындау шеңберінде нақты секторға әсерін талдау және бағалауды, сонымен қатар оны Тарифтік кеңестің отырысында мемлекеттік органдармен талқылауды ұсынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: