astana-view

ҚР Бас Прокуратурасы заңсыз төленген айыппұлдарды кәсіпкерлерге қайтару шараларын жүзеге асыруда

2014 жылғы 09 Сәуір
2706 просмотров

ҚР Бас прокуратурасы 90 млн теңге көлеміндегі заңсыз төленген айыппұлдарды 574 кәсіпкерлік субъектілеріне қайтару шараларын қабылдауда. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша ҚР Бас Прокуратурасы мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының видеоконференциясы барысында белгілі болды.

"Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау органдарының тексерісі нәтижесінде 574 кәсіпкерлік субъектілері 90 млн теңге көлемінде негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәсіпкерліктерге аталмыш айыппұлдарды төлеу мәжбүрленіп, тиісінше жағдайда олардың нысандарының жұмысының жалғастырылуына тосқауыл қойылған. Жоғарыда айтылған жағдай мемлекеттің кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау туралы саясатына теріс келеді", - дейді Бас Прокуратураның 1-інші Департаменті бөлімінің прокуроры Мұқаш Қуанышбаев.

Қазіргі таңда Бас Прокуратура төленген айыппұлдарды кәсіпкерліктерге қайтарып беру бойынша шараларды қолға алуда.

Айта кету керек, "Мемлекеттік тексеру және бақылау туралы" 28 Заңның 1 бабына сай аталмыш Заңда бекітілген тексерістерді жүргізу мен ұйымдастыру талаптарын өрескел бұза отырып тексеру органдары тарапынан жүргізілген тексеріс заңсыз болып табылады.

"Осы орайда облыс пен Астана және Алматы прокуратураларына тексеріс нәтижелері мен актілерінің күшін жою шараларын қабылдауды бұйыруды ұсынып, заңсыз төленген әкімшілік айыппұл сомасын кәсіпкерлерге қайтару шараларын қолға алуды тапсырамыз. Сонымен қатар, құқықтары қорғалған және заңсыз төленген айыппұл құнын қайтарып алуы тиіс кәсіпкерліктердің тізімін құрып, оны Бас Прокуратураның ғаламтор ресурсына салуды ұсынамыз", - дейді.

ҚР Бас Прокуроры орынбасары А.Кравченконың айтуынша, 91,5 млн теңге көлеміндегі заңсыз төленген айыппұл 574 кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарылмақ.

"Облыс прокурорларына аталмыш мәселені қарауына алып, кәсіпкерліктердің өз қаражаттарын қайтарып алуын қалағалауды тапсырамын", - деді ол.

Дерекнамасы: Kazakhstan Today


Еншілес ұйымдар

Серіктестер