astana-view

Қазақстанда Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды

2019 жылғы 17 Мамыр
5402 просмотров

Елордада Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасының жарғысына қол қою рәсімі өтті. Іс-шара Астана экономикалық XII форумы аясында  ұйымдастырылды

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияны біріктіретін палата мүше-мемлекеттердің бизнесмендері арасында экономикалық байланыстарды ары қарай нығайту және мемлекеттер арасындағы тауар айналымның өсуіне жағдай жасайды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, түркі елдері тиімді геосаяси әлеуетке ие. Бірыңғай палатаға бірігу арқылы мүше мемлекеттер ірі нарықтарда бәсекелесе алады, ал консорциумның құрылуы нарықтарға бірыңғай өнімдермен шығуға жол ашады.

«Түркі елдердің палатасы Қазақстанның Тұғыш Президенті бастамасымен өңірлік дамуды нығайту мақсатында құрылды. Еліміз Палатаның құрылуын қолдайды және өзара тиімді ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы бірлікке бағдарланған. Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасы тауар айналымның өсуіне қажетті жаңа механизмдерді құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Асқар Мамин.

Қазіргі таңда көп кәсіпорын өнімді экспорттау шарттары, сонымен қатар өнімге қойылатын талаптар туралы ақпараттың болмауына тап болуда. Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасы бұл проблеманы шешуді жоспарлап отыр.

Менеджмент саласында тәжірибе алмасуға арналған ортақ біліктілік орталығын құру – мәселені шешу жолдарының бірі болмақ. Осындай біліктілік орталығын құруды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ұсынды.

 

 «Кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ экспорт, бағалар мен серіктестер туралы ақпаратты ала алатындай жағдай жасау қажет. Қазақстанда 500 мыңға жуық кәсіпкер осындай мүмкіндікті Atameken services порталығы арқылы алып отыр», – деді Абылай Мырзахметов.

 Спикердің айтуынша, түркі елдерінде халық саны 152 млн адамды құрайды, бұл жалпы ішкі өнімі 1 трлн АҚШ долларына тең үлкен әлеует. Бір палатаға бірігу бұл бауырластық бірлікті көрсету емес, үлкен экономикалық әлеуетке қол жеткізуге талпыныс.

«Палата құрылды, енді міндеттерді айқындап алған жөн. «Атамекен» ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсібі және тамақ өнеркәсібі, құрылыс саласында кооперацияларды құруды ұсынады. Әр мүше-мемлекет осы секторларды дамытып отыр, бізде біліктіліктер бар, сондықтан кейбір секторлар бойынша біріге аламыз. Қытай және Ресейдің ірі нарықтарын ескере отырып, индустриялық аймақтарды құру мүмкіндігі бар», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ, тараптарға кедендік процедураларға қатысты кедергілерді жойып, кеден бекеттеріне баса назар аударған жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер