astana-view

БІРІККЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

2014 жылғы 09 Сәуір
2325 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-алаңында Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарын даярлауда мемлекеттік тапсырысты бөлудің жобасы, ТжКББ саласының дамуы, мемлекеттік-жеке әріптестіктің бір әдісі ретінде колледждерде корпоративтік басқаруды енгізу жайлы сұрақтар талқыланды.

Шараға кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кәсіпкерлер Кеңесі мен Облыс әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрларды даярлау жөніндегі облыстық Кеңестің қатысуымен бірлескен отырыс өтті.

Аймақтың еңбек ресурстарының балансы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер мен 2014 жылғы мемлекеттік тапсырысты орналастыруда басымдылық берілетін мамандықтар бағыты туралы Білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамовтың баяндамасы тыңдалды.

Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Маханбетов Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы»Заңына сәйкес болашақта сұранысқа ие болатын мамандарды дайындауғаықпалын тигізетін, экономика салаларында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласында күрделі міндеттер жүктелгеніне тоқталып айтты.

Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Арман Бимағанбетов қатысушыларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ТжКББ саласын модернизациялауға бағытталған жұмыстарымен және облыс колледждерінде корпоративтік басқаруды енгізу жайлы нақты ұсыныстары мен таныстырды.

Бірлескен отырыста көтерілген мәселелер бойынша пікір бөлісу, облыс колледждерінде корпоративтік басқаруды енгізу жайлы, дуалды оқытуды ұйымдастыру және түлектерді жұмыспен қамту бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.

Дерекнамасы: kyzylorda-news


Еншілес ұйымдар

Серіктестер